Сәби туылғанда айтылатын тілектер

Oinet.kz 23-12-2019

Барша тойдың басы екен шілдехана,
Басы айналып бақыттан тұр босаға.
Уілдейді бесікте жас шарана,
Шуылына тірліктің үн қоса ма?

 сәби.jpg
Жүректерді балқытып қорғасындай,
Сәби келді өмірдің жалғасындай.
Кешірімді ата-ана шалқақтаса,
Щалқып жүрсе шаттықтан жолға сыймай.
 
Жанарына анасы шашып ұшқын,
Өбектейді сәбиін асығып тым.
Қуаныштан әкесі шапқылап жүр
Иісіне мас болып жас-иістің.
 
Демер ертең қолтықтан ұлымыз кеп,
Жатыр қазір жүректен жылу іздеп.
Бала-тірек, бақытты босағаның,
Жарқырасын сөнбейтін күніміз боп.
 
Не жетеді сәбидің іңгәсіна,
Толысады ақылы, тұлғасы да.
Ат ұстарың тіл көзден аман болсын,
Әлі-ақ өрлеп шығады шың басына!

Бесік тойға арналған тілектер
Шілдеханаға арналған тілектер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу