Ата-ана туралы мақал-мәтелдер
Атаның жүгі - атанның жүгі.
Ата баласының ат меңіндей белгісі болады.
Жеті атасын білген ұл,
Жеті елдің қамын жер.
Өзін ғана білген ұл,
Құлағы мен жағын жер.
Әке-шеше бар болсын,
Аузы-мұрны жоқ болсын.
Атадан бала,
мойыннан жаға озбайды.
Анасы басқа аттан түс,
Атасы бір артқа мін.
Әке өлсе - мүлкі мұра,
Аға өлсе - жеңге мұра.
Анаңа рақым етпесең,
Балаңнан рақым күтпе.
Әйелді жаман десең, анаң соның ішінде.
Анасын сыйламағанды адал деме,
Ұстазын сыйламағанды адам деме.
Ұлыңа ұлтарақ бол,
Келініңе көпшік бол.