Тесік құмыра туралы аңыз
28-06-2022
Көктем – ең жайлы, мамыражай мезгіл. Қатты ыстық та емес, суық та емес. Жердің жүзі қар, балшықтан тазарып, жасыл түске айнала бастайды. Талдардың бүршік атқанының өзі бір ерекше Алланың құбылысы.
Көктемді «жүрек мезгілі» деп те атайды. Көктем секілді адамдардың көңілі де гүлдеп, бір керемет сезімдер орын алады. Әсіресе, қыздар қауымы құлпырып шыға келеді. Аяз бен суық қайтып, жылы маусым келісімен адамдардың барлығы қалың, қыстық киімдерін тастап, ашық түсті киімдерін киіп, ашыла түседі.
Бұл мезгілде ең керемет, маңызды мерекелер тойланады. Алғыс айту күні, 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мерекесі, Бірлік күні, Жеңіс күні, Отан қорғаушылар мерекесі. Барлығы да елімізде жоғары деңгейде аталып өтілетін мейрамдар.