Жазғы демалыс туралы шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 67230

Мен жаз мезгілін қатты жақсы көремін. Ең алдымен төрт тоқсандық оқуды бітіріп, бір жылға есейеміз. Және күннің ыстығы да біздің үш айлық демалысымызға керемет әсерін тигізеді. 

Похожее изображение

Жыл сайын жазғы демалысымды пайдалы өткізуге тырысамын. Және әр жылы өзге қалалардағы туысқандарымды аралап, демалып қайтамын. Сабақтан демалғаныммен, кітап оқуды үзбеймін. Себебі кітап –ең жақсы дос. 

Жазғы демалыстың басында мен ауылдағы ата-әжеме барғанды жөн көремін. Олар бізді сағынады және құрт-майын немерелері үшін сақтап отырады. Алдымен сол ауылдағы ата-әжемді қуантып алған мен үшін дұрысы. Әрі олар үшін мен де әжептәуір қолғабыспын. Мал қайтарып, бау-бақшаны суарып, жәрдем еттім. Ата-әжемнің ризашылығын алып, келесі айда нағашыларымның ауылына қыдырып бардым. Алатаудың бөктерінде демалып, біраз туыстарымды аралап қайттым. Сондағы достарыммен де жолығып, жиналып қалған жаңалықтарымыз бен әңгімелерімізді айтыстық.

Айтпақшы, мұнда интернет әлсіз ұстайды екен. Телефонға телмірмей, ойынды да ұмыттық. Нағашы ағам үйге кір демейінше, достарыммен түрлі ойындар ойнаймыз. Мұндағы балалардан асық ойнау, ләңгі секілді ойындарды үйрендім. Қаладағы балалар пен ауылдағы достарымның арасында айырмашылық бар екен. 

Сонымен қатар, мен мектептен жазғы сауықтыру лагеріне жолдама алдым. Екі апта жаңа достармен танысып, демалып қайттым. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген балалар екен. Күн сайын лагерде қызықты іс-шаралар өтетін. 

Тамыз жақындағанда үйге қайттым. Жаңа оқу жылына дайындықты бастап кеттік. Үй-ішімізбен жаңа мектеп формаларын алдық. Оқу құралдарын да керегінше таңдап алдық. 

Менің биылғы жазды демалысым туыстарымның үйінде және лагерьде өтті. Менің достарым тағы да көбейе түсті. Барлығы керемет. Енді қазірден бастап «Келесі жылға қайда барсам екен ?» деп ойланып отырмын.

Менің жазғы демалысым. Шығарма
Көктем туралы. Шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу