Келіншектау атауы қайдан шыққан?

Oinet.kz 07-11-2019 3569

Келіншектау.jpg

Түркістан обылысы, Созақ ауданына қарасты Қаратау жотасының ең бір көрнекті тұсы Келіншек тау. Келіншек тау аталуы аңызда былай айтылады:

Ертеде осы өңірді мекендеген бір бай жалғыз қызын тұрмысқа ұзатуға дайындалып жатады. Жалғыз қызынан аянбаған бай, жасауды барлық нәрсенің ең құндыларынан, асылдан, алтыннан дайындатып, ең соңы иттің табағына дейін күмістеп барлық малын сарп етеді. Жол жарағы дайындалып, жасауы түйелерге артылып, қызын шығарып салып жатқан бай: "Қызым, менен разы шығарсың, сен үшін барымды аямай, алтыннан жасалған жасауыңды, соңғы түйеме артып беріп жатырмын" -дегенінде қызы: "Итімнің итаяғы күмістен екен" -деп наразы сыңай танытқан көрінеді. Қызының тойымсыздығына ызасы келген бай "Тас болғыр, тас бол" деп қарғаған екен. Содан келіншек бүкіл жасауымен тасқа айналған екен деседі.

Шынында аңғарып қарасаңыз тау ортасында бойшаң келген сәукеле киген келіншек, айналасында түйелер мен өркештері, жасауы тізбектелген көріністі байқауға болады. Оған табиғаттың әртүрлі түске бояуы ерекше әсемдік береді. Бұл аңыздың тәрбиелік мәні ашкөз болмауды, барға қанағат қылуды,тойымсыз болмауды меңзейді. "Араныңды қанша ашсаңда, бұйырғаннан артық жей алмайсың" -деп өткен бабаларымыздың әрбір аңыздарынан, әрбір атауларынан осындай тағылымға толы дүниелерді аңғаруға болады.

Айдар Темірбекұлы

Томирис патшайым жайлы 10 дерек
Жалпыламалық білімдер 1200-1300
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу