Сырым Датұлының шешенді жеңген тапқыр жауаптары

Oinet.kz 01-10-2019 5186

Screenshot_26.jpg

Сырым Датұлы (1712—1802) — Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен.

Шыққан тегі — Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан. Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен аты шыққан «Бала би» атанды.

Сырым Үргеніштің ханына барып жүз керіс қылған. Хан Сырымның атағына сырттай қанық: «Қазақтың өзі шешен, өзі батыр кісісі», – деп естиді екен. Хан Үргеніш шешені мен Сырымды айтыстырыпты:

Үргеніш шешені:

– Сөз анасы не?

Су анасы не?

Жол анасы не? – деп сұрайды.

Сырым батыр:

– Сөз анасы – құлақ,

Су анасы – бұлақ,

Жол анасы – тұяқ! – деп жауап береді.

Үргеніш шешені:

– Дау мұраты не?

Сауда мұраты не?

Қыз мұраты не?

Жол мұраты не? – дейді.

Сырым батыр:

– Дау мұраты – біту,

Сауда мұраты – ұту.

Қыз мұраты – кету,

Жол мұраты жету, – дейді.

Үргеніш шешені:

– Намазда жан-жағыңызға қарай береді екенсіз, оныңыз не? – деп сұрайды.

– Жан-жағыңызға сіз қарамасаңыз, менің қарағанымды қалай көрдіңіз? – дейді.

Үргеніш шешені:

– Сізді екі аяқты, бір тілді адам баласы жеңді ме? – дейді.

Сырым батыр:

– Сырымның айтқанын тыңдамай, өз сөзін соға беретін адам Сырымды күнде жеңеді, – дейді.

Балаларға арналған логикалық сұрақтар (жауабымен)
Үкаша ата деген кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу