Көпшілік неге полицейлерді жауыз көреді?

Oinet.kz 30-08-2019 1002

5cecde56817c9.jpg

Жасыратын түгі жоқ, қазір жұрт полицей қызметкерлерін көрсе, төбе шаштары тік тұрады. Сонадай жерден ақ-көк жолақты көлігі көрінсе, терлеп қоя береді. Көліктегілер қауіпсіздік белдігін таққан-тақпағанын, жарықты жаққан-жақпағанын, әлдеқандай жолақтан өтіп кетпедім бе деп елеңдеп отырады. Қара жаяулар да өз алдына уайым шегеді. Бізде мұндай психология қайдан қалыптасқан? Мысалы, көпшілік әлі күнге дейін тіс дәрігерінен қорқады екен. Себебі, бала кезімізде сүт тісімізді ауырта жұлғаны әлі есімізден кетпеген. Балалық шақтағы сол бір сезім санамыздан мәңгі орын алған. Міне, барлық мәселе осында жатр. Яғни, балалық шақтағы көріністер оңайлықпен ұмытылмайды.   

Осыған байланысты Шымкент қалалық Жергілікті полиция қызметінің басшысы Данияр Мейірхан өзінің Фейсбук парақшасында жас ұрпақ үшін алаңдаушылық танытты. Өз сөзінде басшы ата-аналарды полиция қызметкерлерін «жауыз» адамға теңемеуге шақырып, өз арманымен бөлісті:

«Балалар полицейлерді өздерінің досы деп санағанын армандаймын. Қазіргі таңда халықтың қауесеті погон таққан адамдарды ұсақ тентектік үшін қатал жазалаушыға айналдыра жаздады. Аналарымыз, тіпті әкелерімізге дейін егер бұзықтықты қоймасаң, полиция шақырамын деп айтқанды жақсы көреді. Осыдан кейін балалар полицейлерді тек ұрысқаннан басқа ештеңеге көмектесе алмайды деген оймен өседі. Бұндай ойды өзгерту керек», - деген Данияр Мейірхан полицея қызметерлрінің адам өмірінде алар орнын да атап өтті.

«Полицейлер – қылмыскерлер үшін ғана қауіп, қалай болғанда да өмірді жаңа бастағандар үшін емес. Балаларды форма киген адамдарға деген өшпенділік пен қорқынышпен тәрбиелеуге болмайды. Осындай оймен өмір сүруі әбден мүмкін. Баланы өшпенділікке бөлемеу керек, себебі бала өмірінде оның таңбасы өшпестей боп қалып, баланың басқаларға да қиянат жасауына алып келуі мүмкін. Полицейлер – бұл достарыңыз және қорғаушы. Басқалай болуы мүмкін емес! Осындай ойлармен балалар еркін өмір сүреді деген сенімдемін. Бұл 10 жылдан кейін адамдардың формадағыларға көзқарасын өзгертуге септігін тигізеді. Әрине, полицейлер де өзгереді. Бассыздық пен жазасыздық сезімдері емес, тек сенім артқандарға деген жауапкершілік қана болады»,- деп ойын түйді Жергілікті полиция қызметінің басшысы. 

Әлеуметтік желіде көпшілік жергілікті полиция қызметі басшысының пікірін жаппай қолдады. «Егер полицейлер болмаса, ел ішінде қылмыс өршіп, аласапыран орнар еді», «полицейлерге бекерге күйе жаға бермей, істеп жатқан жұмыстарын бағалау керек», «90-жылдары полиция қызметі жүйесі ретке келмей тұрғанда ел ішінде рэкет, разборщик көбейіп кетті. Оларды «дальнобойщиктерге» тиісіп, жеке кәсіпкерлерді қанады. Қазір мұның бәрі полицияның арқасында құрыды», «өзіңіз заңды бұзасыз, содан кейін сізге жаза қолданған полицейді жауыз көріп шыға келесіз. Полицейді кінәләй бергенше, кінәні өзімізден іздеу керек» деп пікірлерін білдірді.  Тіпті, кейбір желі қолданушылары қызды-қыздымен Д.Мейірханды КСРО мультфилмінің миллиционер кейіпкері - Дядя Степаға теңеп жіберді. Енді бір қолданушылар Грузияда пара алмайтын полиция қызметін мысалға келтіріп еді, оған Д.Мейірхан:

Біраз жылдан соң, біздің полиция қызметі шетелдегілерден ешбір кем түспейтін болады. ҚР ІІМ шетел тәжірибесіне сүйене отырып, жергілікті полиция қызметін құрды. Бұл біз үшін әжепеуір жетістік. Біз Шымкент қалалық ЖПҚ біраз тың бастамаларды енгіздік. Бұл жайлы талай жазып жүрмін. ҚР ІІМ бір орында тұрмай үздіксіз даму үстінде. Біз де өз кезегімізде қарап қалмаймыз, - деп жауап берді. 

Және бұқара арасында 11 миллион теңге айыппұл мәселесі кең талқылануда. Яғни, полицей қызметкеріне қол көтерсеңіз 5000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айппұл төлейіз. Көпшілік бұны шектен шыққандық деп айтуда. Мысалы, жекелеген адами факторларға байланысты кейбір бәлеқор полицейлер түрлі жолдармен бұны өз мүдделеріне пайдаланып кетеді дейді. Екі ортада тағы халық зардап шегеді. Сәкен Әбдіраманов есімді желі қолданушысы осы айыппұл мәселесімен келіспейтінін айтып шағымданып еді, ЖПҚ басшысы: 

Бұл сіздің жеке пікіріңіз. Дегенмен, мен сіздің пікіріңізбен келіспеймін, - деп жауап берді. 

Мұрағаттан, 2017 ж

«Телефон бар, телефон... Арзан бағада телефон»
Киім киюдің де әдебі бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу