«Мұғалім болу үшін директорға кемі 1000 доллар бересің»

Oinet.kz 24-09-2019 3994

1-сурет.jpg

Жуырда pandaland.kz сайтында білім ұяларын жайлаған жемқорлық пен былық-шылықтар жайлы материал жарияланды. Мақалаға арқау болған мұғалімнің арызы. Өзінің арызында ол Қазақстандағы мектептерді "тозаққа" теңепті. 

Осы жанайқайды Казнеттегі көптеген сайттар жариялады. Оқырмандар тарапынан мыңдаған пікірлержазылды. Мектептегі жемқорлық туралы жұрт не ойлайды? Пікірлерге көз жүгіртіп көрелік:

Пікір қалдырушы 1: Мұғалімдерді артық қағаздан босату керек. Сапасыз дүниеден саналы ұрпақ тәрбиелейік. Қинап газетке, журналға жаздыруды, керексіз кітап сатуды, сенбілікке шығаруды тоқтатсын. Жалақыларын көбейтсін. Бірақ жалақыға қосылды деп азық-түлікті қымбаттатпасын. Басшылар бұйрық бермей өздері де жұмыс жасасын.

Пікір қалдырушы 2: Барлық мамандықтың өз қиыншылығы бар.Тығырықтан шығудың да жолы бар. Ешкімнің де айлық жалакысы оңып тұрған жоқ. Ешкім мұғалім бол деп, қинап жатқан жоқ. Қаламасаңдар, тастап кетіңдер. Не істейміз енді, «байқұстар-ай» деп мектептерді жапқызамыз ба? Өздерің су ішкен құдыққа түкіргендерің не? Әркім өз мамандығын құрметтеуі керек. Мына ұстаздардың жылағандарын көріп, қызымды мектепке жібергім келмей қалды. Сіздер баланы жақсы көріп, тілін табу керексіздер ғой. Бір балаға, түсінігі жоқ ата анаға бола бәрін жазғырмаңдар.

Пікір қалдырушы 3: Жақында танысымның қызынан дәрігер болуға 1200 $ сұрады... Танысың болмаса әрине ақшасыз жұмысқа кіре алмайсың, ұлым әскерден келген соң МЧС-ке 900000 мың теңге сұрады.

Пікір қалдырушы 4: Оқушылардың олимпиадасы да, ғылыми жобасы да, мұғалімдердің кез келген байқауы, бәрі бәрі де мұғалімнің қалтасына түседі, өйткені бәрі қалалық білім бөлімдерің қолында, тек бір нәрсемен ғана өтесің. Төсбелгіге дейін, мақтау қағазы бәрі осы жолмен.

Пікір қалдырушы 5: Қазіргі кезде мұғалім болғанша есік алдында вахтер болған жақсы. Себебі мұғалімге бәрі бастық, сайлауда үй аралайтын, шақыру билет тарататын, баланың санын алу үшін көшелерді шарлайтын, газет-журналға амалсыз жазылатын, жиналысқа барып кісінің санын көбейтіп отыратын, керек емес концертке зорлықпен баратын, мереке күндері кезекшілікке тұратын, ата-аналардан ұрыс еститін, оқушылардан жаман сөздер еститін кім ол МҰҒАЛІМ. Алатын жалақысы 50-60-70 мыңға жетер жетпес, ал дайындық сыныбының мұғалімдерінің алатыны 30 мың, айтуға ұят. Мен мұғаліммін. Сосын айтып отырмын, мектеп бітіретін оқушылар мұғалім болам десе «керек емес, таңдамаңдар» деймін және ұлдарыма «мұғалім қыз алмаңдар» деп отырамын, «себебі мұғалімнің өз баласына және өзіне қарайтын уақыты жоқ» деймін.

Пікір қалдырушы 6: Шындықты айқайлатып тұрып айтады! Мен қашан пенсияға шығамын деп асығудамын. Қатты қажыдым, кедейшілік өмір, мардымсыз тірлік, жоғарылардың алдындағы шарасыздық қатардағы мұғалімның пешенесіне жазылғандай, түңілдіріп жібереді.

Пікір қалдырушы 7: Оқуды бітіріп келген қалтасы тесік жастарға қиын. Мектепке мұғалім болып жұмысқа тұру үшін директорға ең кемі 1000 доллар бересің. Сонда мектеп директоры бір жылда 10 мұғалімді жұмысқа алса, онда кемі 10 мың доллар табыс тауып отыр. Тамаша!

Пікір қалдырушы 8: Мұғалім болғың келмесе базарға барып бәліш сат. Онда тіпті жаман, жұрттан ұрыс естіп жүресің. Жұмыстың оңайы жоқ. Ең оңайы осы мұғалімдік қой.

Пікір қалдырушы 9: Кеңес өкіметі кезінде мұғалім жақсы жалақы алатын,100 сомнан кем емес, категориясына, разрядына қарай, факультативке де ақша алатын, бос уақыты да болатын, оқушылар, біз де, мұғалімді құрметтеп, өте сыйлаушы едік, ол кездегі 100 сом ақша құнды еді, себебі 1 доллар, ұмытпасам 40 тиын болатын, 1 ақ нан- 24 тиын, 1 қара нан-16 тиын болатын. Ата-аналар да мұғалімнің айтқаны заң деп тәрбиелейтін еді, мұғалім болуды армандайтынбыз, банкир, сот болуды емес. Қазір ата-аналардың біразы мектептен бәле іздеп тұрады. Өзінің 1-2-3 баласына ие бола алмай жүріп, кінәнің бәрін сынып жетекшісіне арта салады. «Балам, шулама, өзге балалардың сабақ оқуына бөгет болма, оған сенің құқың жоқ, мұғалім де біз секілді бір балалардың ата-анасы, анаңды сыйлағандай сыйла, мұғалім екінші ата-анаң» дейтін мен секілді ата-аналар өте аз, оны жиналысқа барғанда көріп жүрміз ғой. Өз баласының басынан құс ұшырмай, өзге баланы құлдай көреді, надандық, имансыздық деген осыдан шығады ғой. Эгоист, жалқау адам осылай қалыптасады.

Пікір қалдырушы 10: Мектепте бастауыш класс мұғалімдерін ата-аналар да, мектеп басшылары да, секретарь, «завхоз», техниктер де адамға санамайды, сыйламайды. Күн сайын, жиналыс сайын сорларын қайнатып ұрсады да жатады. 

Пікір қалдырушы 11: Жалпы білім беретін мектепте де осылай. Директор бір орында көп отырған соң әрине коррупция болады. Жұмысқа алу,сағат бөлу, өтірік тізім, туған күндер т.с.с.

Пікір қалдырушы 12: Шымкентте полицей болу үшін 1 немесе 1,5 млн теңге, мектеп директоры үшін 20 мың доллар, жай мұғалім үшін 3 мың доллар, еден жуушы болу үшін 300 мың теңге беруің керек.

Мұрағаттан, 2017 ж

Калининград кімдікі? Ресейдікі ме? Белорусьтікі ме?
Ең қымбат автокөлікті қай облыстың әкімі мінеді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу