Калининград кімдікі? Ресейдікі ме? Белорусьтікі ме?

Oinet.kz 24-09-2019 1675

Screenshot_2.jpg

Осыдан үш-төрт жыл бұрын Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей Федерациясы құрамындағы Калининград облысының аумағын ежелден беларустардың жері деп есептейтінін мәлімдеп еді. Жалпы Калининград облысына қатысты мәселе соңғы жылдары жиі көтеріліп келеді.  Жуырда Литва парламентінің депутаты, президенттің бұрынғы баспасөз-хатшысы Линас Бальсис «Әлем 2017 жылы. Вильнюстен көзқарас» атты конференция барысында Еуроодаққа Калининградты Европаға «қайтару» мәселесін талқылау қажеттігін мәлімдеді. «Baltnews.lt» жаңалықтар порталының хабарлауынша, Бальсис Қырым «аннексиясынан» соң Ресей Калининградқа иелік құқынан айырылғанын айтып, енді бұрынғы Шығыс Пруссия жерінің қай мемлекеттікі екенін халықаралық деңгейде талқылауды ұсынған. Депутат Калининград Россияға мәңгілік пайдалануға берілген жоқ деп есептейді. Осы секілді мәлімдемені бұдан бұрын саясаттанушы, сейм депутаты Лауринас Касчюнас та жасаған болатын.

Осы арада айта кетелік, тарихи мәліметтер бойынша 1946 жылдың 4 шілдесіне дейін Кенисберг аталған Калининградтың және Шығыс Пруссияның басқа да бірқатар аумағының СССР қарауына өтуі Потсдам конференциясында одақтастармен мақұлданған.

Литвалық депутаттың мәлімдемесі ресейлік әріптестері тарапынан жауапсыз қалмады. Федерация Кеңесі халықаралық комитеті төрағасының бірінші орынбасары Владимир Джабаров литвалық депутатқа Калининград облысын «қайтару» туралы айтпас бұрын Россияға Вильнюс өлкесін қайтарып беру ұсынысымен қарсы уәжін айтты. Сенатордың мәлімдеуінше,  Вильно (Вильнюс) ауданы ешқашан Литваға тиесілі болмаған, 1917 жылға дейін Россия империясының, 1920 жылдан 1939 жыл аралығында Польшаның, ал екінші дүниежүзілік соғысынан кейін Литва ССР-інің құрамына кірген. Сондай-ақ, «РИА Новости» Джабаровтың: «Алдымен совет билігінен алғанын қайтарсын», деген сөзін келтіріпті.

Мұрағаттан, 2017 ж

Ауадан ақша жасайтындар арамызда қаптап жүр
«Мұғалім болу үшін директорға кемі 1000 доллар бересің»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу