Ұстаздың шәкіртке берген өмірлік сабағы

Oinet.kz 05-04-2023 1410

Шебер бір суретшінің оқушысы өз оқуын тәмәмдапты. Оқуын тәмәмдаған оқушысына ұстазы былай депті: "Ең соңғы салған суретіңді қаланың ең көп адамдар жиналатын алаңына қойып қой.

Screenshot_5.jpg

Суреттің қасына да бір қызыл түсті қалам қой. Адамдарға суреттің ұнамаған жерін сызып қойюын өтініп бір хат қалдыр", депті ұстазы.

Оқушы ұстазының айтқанындай жасап болып, бірнеше күннен кейін суретті көру үшін алаңға барады. Адамдар суретті қып қызыл сызып тастағанын көреді де адамдарға ренжіп ұстазының жанына жылап барады. Ұстазы оған ренжімей сурет салуды жалғастыруына кеңес береді. 

Оқушы тағы да сурет салыпты. Ұстазы тағыда адамдар көп жүретін алаңға апарып қоюын айтады.

Бірақ бұл ретте суреттің жанына бір құты толған түрлі түсті қалам қоюын және ұнамаған жерлерін өздері салуларын өтініп бір хат тастауын айтады. 

Оқушы ұстазының айтқанын жасайды. Бірнеше күннен кейін келіп қараса сурет баз баяғы қалпында тұр екен. 

Қуанып ұстазына барыпты.

Ұстазы сол кезде былай депті: 

«Бастапқыда, адамдарға мүмкіндік берілгенде қаншалықты аяусыз сынға алатынын көрдің. Өмірінде мүлдем сурет салып көрмеген адамдардың өзі сенің суретіңді қызылмен бояп тастады. 

Екіншісінде, адамдардың жағымды, мейірімді және өз өнерін көрсетуін қаладың. Өнерлі болу үшін білім керек. Адамдар суретті түзелтуге жігер таныта алмады»

Өмірде де дәл сондай, адамдарға мүмкіндік берген кезде сізді аямайды. Сынайды. Бірақ олар сіздің жасағаныңыздың біреуін де жасай алмайды. Ешқашан берілмеңіз. Адамдардың сізді езіп тастауына жол бермеңіз. 

Әйелімнің өлімін өзім жақындатыппын ғой
Күйеуінің опасыздығының үстінен түсемін деген әйел мүлде басқа жағдайға тап болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу