Адамды етінен тірідей терісін сыпырып тұлып жасаған қанішер (фото)

Oinet.kz 04-02-2023 3711

Жалама айдаған жылдар. Өрікті көл оқиғасы. 1912 жылы Алтайды ата-мекен көне баба жеріміз деп, мекендеп жатқан Керей қазақтарына мәңгілік қасыретты оқиға туылды. Адамды ата салу, аса салу, ұрып өлтіру, әр түрлі тәсілмен зорлап өлтіру бер жағы екен. Адамды етінен тірідей терісін сыпырып тұлып жасап, іреп сойып өлтіру оқиғасы туылды. 

Screenshot_25.jpg

Жа Лам Дамбийжанцан. Моңғол елінің сол кездегі билеушісі Боғдыханнаа (дын басы тегі тибеттік) Моңғоляның ең батыс аймақтарын реттеуші, арнайы өкіл рұқсатын алған Дамбийжансан (жендет) Алтай тауларына келіп сондағы мекендеп жатқан Қобда бетіндегі қазақтарды шекарадан ұзаққа, яғни моңғолдың ішіне қарай көшіріп апарсақ, бұл қазақтарды билеуге де қолайлы болып, ойыңа келгенді істеуге де таптырмас орай деп ойлайды. Моңғолды билеген дін басшыларына қазақтар шекараның арғы, бергі жағынада көшіп қонып еркін жүр, кейбір ауылдары сол кездегі қытайды билеген чиң патшалығынан шен-шекпен алған ел билеушілеріде бар, сондықтан кей қазақты ішкері көшірсек, қытай жағынан қауіп жоқ дейді. Қазақтарды билеуге де қолайлы деп сендіреді. 

Кейін мылтық, сайман көмегін алып бес жүз әскерімен қазақ ауылдарын бірінен кейін бірін басып алып, топтастырып Дорвод далайханың дамби өлеттің хошунына (елді-мекен) қарай зорлықпен көшіріп айдай бастайды. Қазақ керейлері қашанда еркіндікті аңсаған, өз дегені болмаса өзгеге жөп-жөкім бас иген бе? Кейбірі қарсыласамыз деп тұяғы қалмай қырылып жатты, олар қарсыласқан сайын тісін батыра түсті. Сол кездегі моңғол қазақтарынан ел билеген билердің бірі шеруші руының Қылаң бастаған топ айдауға өз еріктерімен қосылады. Алайда Дамбийжансынға сол қазақтардың қарсыласы қатты соққы болды. Бес жүз әскермен шайқасып, үш жүзі ғана қалды. Кейін ол айуандық әрекетке көше бастайды: "Қарсыласқан адамды қойып, малына дейін қырыңдар, аямаңдар",- деген тапсырма береді.

Сонымен Дамбижансының бір топ әскері Қарақас рулы Ақынбектің ауылында көшіре бастайды. Жастарын аямады ұрып-соғып кемпір шалдарды да тез жүрмедің деп таяқтың астына алады, міне соны көріп қатты қорланған Ақынбек қолына 12 таспа қамшысын алып әскерлерге қарсы ұмтылады, олар "қамшымен бұның қолынан не келеді",- деп таяп келген 4 әскерді ап-сәтте-ақ қамшымен бір-бір ұрып сеспей қатырады, қанышер әскерлер кірпіктерінде қозғай алмай жан тәсілім етеді. Қалған әскерлер естерін тез жыиып алыстан шалма лақтырып ұстамақ болғанда қолынан қамшысын тастамаған Рыс тағы да арпалысып жүріп 2 әскерді ұрып өлтірді. Сол кезде топ басшысы Ақынбекті аяғынан атып есеңгіретіп барып, топ әскер қаумалап жүріп ұстап байлады. 

Бұл хабарды естісімен Дамбийжанцан: "Қарсыласқан жігітті ауылының алдында тірідей терісін сыпырыңдар",- деп бұйырады. Біраздан қазақтың арыстандай азаматы қолындағы қамшысын қасарсып қысқан қалпы тұлып боп етінен терісі тірідей айырылып, сыпырылады. Енді қарсыласқандарыңды осылайша соя берем деп елді қорқытып айдау үшін теріні адамша кептіріп тұлып жасап, босағасына іліп қояды.

Screenshot_26.jpg

… Дамбижансынның тағы бір жауыздығы сол кезде қазақтармен бірге моңғолдың ұсақ руларының бірі уранхай ұлтымен қазақтардан 15 бойжеткенді тартып алып байларға тарту етіп әскер және қару алмақ болады. Бірақ жолда сырқаттанып қалғандықтан бақсы-балгердің айтуымен ең сұлу қыз деген уранхай ұлтының қызының басын шаптырып соның қанына қолын малып тұмауынан айығудың жорағасын істеткенін күні-бүгінге дейін ақсақалдар күрсіне айтады. Ал ана 15 қызды қазақ-уранхайдың аңшы жігіттері баспалап жүріп жауыздарды бірін қалдырмай қырып барып, құтқарып қалады. 

Жа лама қазақтарды батыс Моңғолиядан қуып Ресей мен Қытай жеріне тықсыра түсті. Дәл осы кезден мұсылман мен будда ара қатынастарында түйткілді мәселелер пайда бола бастады. Жа ламаның дін жолындағы ең қатал айуандығы мұсылмандарды зорлықпен пұтқа табындырудан басталды. Мұсылман діндарлары Смайл (Қалмақ) Төленбайұлы, Шыбарайғыр руының азаматтары Тұрап Кітапбайұлы (1898-1949), Мұратбай Шіңкеұлы, Ботағара Шәку руынан Арсалаң Белдемшеұлы (1865-1922) қатарлылардың басына темір ноқта салып Мүнжигтегі Шар цех пұтханасына қарай айдады. Қазақ жастарын әскер қатарына күшпен тартып, жасөспірімдерді Шивэрт күреніне (хүрээ) шавь немесе шәкірт лама дәрісіне жүгіндіріп, төбелеріне шыны төңкеріп айдар қойғызды.

"Айдаған көшке кедергі болады, жүре алмайды екен",- деп қырық баланы Увс өлкесіндегі Қызыл белдің үстіне қайыс арқан мен байлап қалдырып аштан ит құсқа жем қылдырып өлтірді…

"Ауылды сабалап айдағанда жас балаларды тура көшке кедергі болады" деп анасынан тартып алып өлтіріп отырыпты…

"Әйтеу жетер жерге жетті, енді айтқандарың болсын",- деп соңғы бірнеше күн еш бір кісі қарсыласпағасын өздері де шаршаған әскерлер сәл босаңсып демалуға кіріскен күні түнде барлық қазақ қопарыла әскерлерге тап берді. Кей бір жігіттер әйелше киініп алып ұйімдастырып, Көрімбәй бастаған жігіттер киіз үйдің уығынан найза істеп әскерлерді кіндігінен шаншып көкке тік көтергенде шырылдаған әскердің жан айқайы соғыстың басталу белгісі еді. Таң атқанша өздеріне тісін батырып, айуандық, зұлымдық пен айдап көшіріп келген әскердің бірін қалдырмай қырған қазақтар, таң ата келген жақтарына қайта көшіп Қобда бетіне мекендеуге аттанады. Бірақ осы жолы қазақтар үшке бөлініп, Қылаң бастаған шеруші руы маңдайдағы жазмышын тосып Алтай-Қобда бетіне барып мекендейміз деседі. 

Ал Сүгірбай бастаған 300 отбасыны будда дініне кіргіземіз, деп келген 33 әскердің бірін қалдырмай қырып салды да ұлтымызды сақтау үшін қайда көш десең де көшеміз бірақ басқа дінді қабылдамаймыз бабалардан жалғасқан исламмен қаламыз Ресейге көшіп жан сауғалайық, деп бір тобы қазіргі Шүй, Қос-ағаш қазақтарына, кезіндегі найман руына барып паналайды. 

Қылаңмен ерген топтың жартысы Шинжяңға көше кетеді. Ал Қылаң тобы Қобда бетіне келген соң моңғолдың астанасына дін басы ел билеушісі Богдханға болған жәйді баяндап хат жолдайды. Өздерінің моңғол еліне деген адалдықтарын білдірді, және болған оқиғаны дұрыс түсінуге тырысуын өтініп, сол кездегі бар қазақтың атынан Қобдадағы орыс консулі арқылы хат жібереді. 

Бұл оқиға болған жер моңғолдың батыс аймағының бірі Увс жеріндегі "өрөг нуур" деген жер еді. Яғни қазақша Өрікті көл. Сол айдалған жұртпен бірге болған барын өз көзімен көрген шеруші руының күйшісі Сеиітжән бұл көл Өрікті көл емес "өлікті көл" болды, сондықтан естен кетпес қасыретті ұрпағымыз мәңгілік ұмытпай сабақ ала жүрсін деп "Өрікті көл" күйін шығарған еді. Ал шеруші руының батыры Қылаңның арман мақсаты орындалып моңғолядағы қазақтар жеке ұлттық аймақ боп орнап сондағы аз қазақтың арыстай ұлдары мен қыздары ұзақ жылдардың қатал тағдырдың сынағынан аман өтіп бір ел болып бейбіт өмір сүруде.

Ал Қылаң шинжяңдағы қалың малды, манжурға бағынушы адамды моңғолға бағындырып әкетіп, манжу билігінен бас тартқандықтан манжу әкімшілігі артына түсіп тіміскілеп жүріп не бір тыңшы, қанышер жауыздарын жіберіп жүріп Қылаңның басын шапқызған еді…

Ұрланған іш киім бүкіл әулетті бақытқа бөледі
Бұрынғының келіндері-ай
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу