Вахтаға оқылған суды күзетшіден алып өткен қария елді таң қалдырды
Мәкең вахталық қалашыққа көп қашық емес ауылда тұрады. Өзгелерге қарағанда ауылы жақын болған соң үйіне жиі барып тұрады. Бір ай жұмысында кем дегенде 3-4 рет барып келеді.
Бір барғанда үйінен 5 литрлік су ала келді. Күзетшілер отыратын жерде күрсіне отырып темекісін шірене шегіп отырды. Бұны көрген жас күзетші бала көзі бақырайып, таңданысын жасыра алмай әңгімеге көшті.
- Мәке, су деген іште толып тұрған жоқ па еді? Мынаны ауылдан арқалап келдіңіз бе?
- Ай, інім-ай, мына ағаң вахтада жүргеніне 20 жыл боп қалды. Қайбір денсаулық қалды дейсің? Үйдегі жеңгең емші апаға оқытып әкелген су. Бүйрекке, өкпеге, жүрекке опшым барлық жерге ем екен. Жұмыста құр жатпай осыны ішіп, емделіп кел - деді, жеңгең.
- Ааа жақсы екен. Ем болсын онда. Ішке қарай өте беріңіз. Сізді келді деп, тіркеп қоям.
- Иә, иә жақсы давай!
Мәкең әңгімесін қысқа қайырды да аяң жүріспен жатақанасына қарай тіке тартты. Терезеден телміріп қарап отқан бөлмелес достары сыртқа атып шықты. Ризашылығын жасыра алмаған бір жолдасы
- Әй, Мәкебай, біз деген нөл пятпен әзер кіреміз. Ал сен мына бес литрмен қалай кірдің ей? - деп, жымың қаға қолындағысын көтере бөлмеге зып ете кірді.
Жас баланы КПП-дан алдап кіріп кеткеніне Мәкеңе қасындағы жұмыстастары дән риза. Әккі охрана болса біраз әбігерге салар еді. Енді бір аптаға жететін сусын (арақ) бар. Бір аптаға жететін көңіл-күй бар.