Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Әлгінде 67-маршрутпен қатынайтын автобусқа міндім. Салонға кірген бетімде алдыңғы орындықта отырған бір қыз маған орын ұсынғалы жинала бастады.
– Отырыңыз, аға, – деп ол кенет орнын ұсынып тұрып кетті.
– Рақмет, қызым, отыра бер! Мен төрт-бес аялдамадан соң түсемін! – деп өзімше сыпайылықтан танбай жатырмын. Жас болса да, әйел баласы ғой...
Сол арада босаған орындыққа асқан әбжілдікпен бір жас жігіт келіп жайғасып алды. Енді: «Мына қыз бала маған орын босатып еді», – деп айта алмай, ыңғайсызданып, жас жігіттің қасында тұтқадан ұстаған күйі түрегеп келе жаттым...
Байбота Қошым Ноғайдың Facebook парақшасынан