Әйелін ешқашан ренжітпейтін мінсіз күйеу

Oinet.kz 02-08-2022 1639

Бір кеште, ұзақ та ауыр жұмыстан кейін анам бізге кешкі ас дайындады. Әкемнің алдына жұмыртқа және күйген нан салынған табақ қойылды.

Screenshot_5.jpg

Бірінші болып күйген нанды байқадым да әкемнің шағымдана бастауын күттім, бірақ ол олай етпеді, тамақ ішіп отырған маған қарап, жымиып, мектепте қалай болғанымды сұрады. Нанды күйдіріп алғаны үшін анам кешірім сұрады. Әкемнің сондағы  жауабын ешқашан ұмытқан емеспін:

"Жаным, мен күйген нанды жақсы көремін!"...

Сол кеште төсекте ұйқыға жатқалы жатқанымда әкем келіп мені сүйгенде: "Сіз шынымен күйген нанды жақсы көресіз бе?",- деп сұрадым.

Әкем мені құшақтап:

"Анаң үшін бүгінгі күн шын мәнінде ауыр күн болды ... Анаң қатты шаршапты... Алайда, бізге бола  тамақ дайындап берді ғой... Қалайша  оны кінәлап, шағымданбақпыз? 

Күйген нан ешкімді өлтірмейді, бірақ жан ауыртар қатынас пен  сөздер адамдарға зиян тигізеді" деген еді.

Иә, мінсіз жасалмаса да бізге  бола істеген әрбір ісіне алғыс айтуымыз керек . Себебі, ниеті мен мақсаты мінсіз таза  ғой ...

Амантай Тойшыбайұлы

Қарызға алған 100 теңгені 100 мың етіп қайтарған
Біз ашылдық па?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу