Көркем сөздің құдіреті: Шабан
Көркем сөздің құдіреті: Шабан
Баяу, жай, сылбыр, мимырт, керенау.
Мысалдар:
1. Сондықтан заман жүйрік, біздер шабан,
Артында ілесе алмай жүрміз әман.
(А. Байтұрсынұлы, Ғылым)
2. Шыңғыс бөктерiнен көшкен Бөкеншi, Жiгiтектi қуып жете алмаған. Ең шабан көшкен ауылдар болған - ды.
(М. Әуезов, Абай жолы: 1 том)
3. Аяқ басысы шабан. Басы төмен бүгулі. Тап осы келе жатқанда – ойы шартарапты кезіп, өзін - өзі ұмытқан адамның келбетінде...
(Б. Майлин, Қызыл жалау)
4. Онсыз да барбиған жұп - жуан саусақтарын суық қарып, одан бетер ісіндіріп жіберіпті; асықпай, аюша қорбаңдап, шабан қимылдайды.
(М. Мақатаев, Қос қарлығаш)
5. Бұл да шабан ақылдың тапқаны емес, бір сәтте көңіліне сап еткен ой.
(Т. Ахтанов, Қаһарлы күндер)
6. Бірақ, сол аздың өзіне жармасар қаншама шаруа бар?! Оның қаншасы шабан көлік пен мардымсыз істерге жем болады?!
(Ә. Кекілбайұлы, Өнегелі өмір, өміршең өнер)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі