Мұхаммед Әлидің қыздарына айтқан өсиеті

Oinet.kz 02-05-2021 2081

Рингтің королі, атақты боксер Ислам дінін қабылдаған, ұшқыр ойлы Мұхаммед Алиге қыздары Ханна мен Лейла ашықтау киіммен қонаққа келеді. Сондағы болған оқиғаны Ханна Али есіне алып, өз ауызымен әңгімелеуде:

Screenshot_8.jpg

"...Біз сіңілім Лейла екеуміз әкемнің үйіне келдік, көлік жүргізушісі бізді әкемнің апартаментіне алып барды. Әдеттегідей, ол бізді қорқыту үшін есіктің артында тығылып тұр екен. Құшақтасып, хал сұрасып болған соң, әкем бізге мұқият бір қарап алды. Кейін тізесіне отырғызып, ешқашан есімнен кетпейтіндей бір насихат айтты".

Әкем көзіме тура қарап, былай деді: "Қызым Ханна, Алла бұл өмірде құнды еткен нәрсенің барлығы жасырылған, әрі оған оңайлықпен қол жеткізе алмаймыз. Мысалға, гаухар тасты қайдан аламыз? Жердің жеті қабатынан, жабылған, қорғалған күйде аламыз. Інжу моншақты қайдан аламыз? Мұхиттың сонау тереңдігінен әдемі қабыршағымен қорғалған күйде аламыз. Ал алтынды қайдан аламыз? Миллион қабат жер мен тас қабаттарынан қазылған шахтадан аламыз. Оларға жету үшін, біраз еңбек пен тер төгу керек болады..."

Ол маған салмақты көзімен бір қарап: "Қызым Ханна, сенің тәнің гаухар тас пен інжу маржаннан да ардақты, өте бағалы, сондықтан сен де жабық болуың керек", - деп сөзін аяқтады.

Үкіметке не жазып ек соншалықты?! - Зайытов Президентке Дат жолдады
Грейг қызғалдағы неге «Қызыл кітапқа» енді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу