Қазақстанда күнбағыс майының литрі мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
Күнбағыс дақылын өндіруден жетекші орынды алып тұрған Шығыс Қазақстан облысы күнбағыс майының қымбаттауы мүмкін деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Майлы дақылдар тікелей Қырғызстанға, Өзбекстан мен Түркияға тасымалданады. Шетел бұл ауылшаруашылық мәдениетіне жақсы баға ұсынып келеді. Осының салдарынан жергілікті май зауыттары шемішкесіз қалып отыр. Ашынған май өндірушілер амалдың жоқтығынан жағдайға үкіметтің араласуын сұрайды.