Көлгіновтің түбіне трайбализм жетті ме?
14-06-2023
Ұлық Алла аққуды ерекше әсем етіп жаратады. Пейіштегі Салсабил өзенінде сырбаздана жүзгенде оның сұлулығына барша періште таңдай қағып, қарап тұрады екен. Алла жерді жаратқан соң, табиғатқа сұлулық дарыту үшін аққуды жерге жібереді. Аққудың әсемдігін көрген асқар таулар балқып, оған еліктеуге тырысады екен. Қарағай-қайыңдар оны көргенде мың бұрала билеп, әсем ағаштардың біріне айналыпты. Аққу қай көлде жүзсе, соның жанындағы табиғат та әдемі күйге ене беріпті.
Алайда аққудың әсемдігіне ғашық болған періштелер енді аққулы мекендерге үйір болады. Аққуды көрсе, Ұлық Алланың жаратылысына таңғалып, тапжылмай тұрады екен. Сол сәтте қараниет біреу аққуға кесірін тигізсе, барша періште оны қарғайды деседі.
Ертеде Ақтаңгер деген аңшы өмір сүріпті. Ол жастайынан аң аулап күн көреді екен. Бір күні орманда келе жатып, бір көлге тап болады. Көл бетінде жалғыз ұшып жүрген аққуды көреді. Аққуды атпақшы болған Ақтаңгер мылтығын кезей бергенде, аққуды тамашалауға келген періштелер: «Атпа!» – деп айқайлайды. Аңшы кім айқайлағанын түсінбейді. Жан-жағына қараса, ешкім жоқ. Қағыс естіген болармын деп, тағы оқтала бергенде: «Атпа!» – деген дауыс шығады. Аңшы бұл жолы да сәл кідіріп тұрады да, мылтықтың шүріппесін басып қалады. Сол кезде періштелер оның мылтығын қағып жібереді. Оқ қисық ұшып, аққудың аяғына тиген екен. Аққу сұңқылдай ұшып, көзден ғайып болады.
Содан бастап аңшының өмірі бақытсыздыққа тап болып, өмірден өкініп өткен екен. Көнекөз қариялардың айтуынша, Ақтаңгер періштелердің наласына ұшырапты. Қазақ арасында «аққуды атпа» деген тыйым осыдан қалыпты.
«Отбасы хрестоматиясы»