Қара жердің жек көретін нәрсесі бар ма? (қисса)

Oinet.kz 15-01-2020 1190

жер.jpg

Мәлике: Қара жердің жек көретін нәрсесі бар ма?

Әбілда: Бар. Ол адамның түкірігі. Әуелде адамнан бұрын Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлық жаралыпты. Тәңірі оларға жерді мекен етіп берген еді. Олар жерге түскен соң үнемі түкіріп жүреді екен. Түкірген сайын қара жер қорланатын. Жер бір күні төзімі таусылып: «Уа, Тәңірім, мені мына екі мақұлықтан құтқар! Бұлардың жанын тезірек ал! – деп қарғады. Бір күні Әзірейіл періште Әбілет пен Тәбілетті де құрықтап, жаһаннамға әкетпекші болады. Сол кезде Тәңірсі: – Әй, Әзірейіл, олардың жанын кіргізіп, алдымен жердің қойнына бер! Бұлардың жерден тартатын жазасы бар! – деді. Періште екеуін алып, көрге тықты. Құдай құдіретімен Әбілеттің бүкіл түкірігін жинап шаяндарды жаратты. Тәбілеттің түкірігінен қарақұрттарды жасады. Сосын: – Бұл екеуі жердің үстіне қақырып, түкіріп оны қорлаған еді, енді соның сазайын тартсын! – деді. Сол сәтте шаяндар мен қарақұрт екеуін шағып, жан-жақтан талай бастады. Әбілет пен Тәбілет шаяндардың уынан мың рет қиналып өліп, мың рет қайта тірілген екен. Әбден азапталған соң жаһаннамға кетіпті. Жер бетіндегі қарақұрт пен шаяндар Әбілет пен Тәбілеттің түкірігінен пайда болыпты.

Содан бастап жер бетінде бір адам түкіретін болса қара жер зар жылайды екен. Түкірген адамның соңғы демі бітіп, жер қойнына барғанда түкірігі шаян мен қарақұртқа айналып өзін шағады деседі.

«Отбасы хрестоматиясы»

«Аққуды атпа» тыйымы
Қазық қағылған орындағы топырақ қайда кетеді? (қисса)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу