Оқушылардың тілін жөндеуде санамақтың пайдасы

Oinet.kz 15-01-2020 835

санамақ.jpg

Психолог О.Абашина есту қабілетінде мүкісі бар оқушылардың тілін жөндеу үшін санамақ пайдалануға кеңес береді. Өйткені құлағы жөнді естімейтін балалардың сөйлеуінде де кемшілік болады. Мамандар арнайы тәжірибе де жасап көрді. Жаттығудан соң құлағы нашар еститін 20 баланың 13-і мүдірмей тілдесе бастаған. 3 баланың сөйлеу мәнері бұрынғыдан жақсарған. 4 бала ғана өзгермеді.

Ғалым П.Губерина «Санамақ арқылы біз баланың миын тез дамытамыз және есту сезімін күшейтеміз» дейді.

Онға дейін санайық

Қолға қалам алайық,

Қанша сан бар жазайық.

Қарап тұрмай, сандарды

Қайта-қайта санайық.

0

Дөңгелекке ұқсайды,

Доп сияқты, ұшпайды.

Досым нөлді О дейді,

Десем «бұл нөл», ұқпайды.

1

Біздің үйде бір тауық,

Бір жұмыртқа жүр тауып.

Бір сиыр бар қорада,

Бәтіш тәтем жүр сауып.

2

Екі аяқпен жүремін,

Екі көзбен көремін.

Екі қолым бар менің,

Екеу құлақ, білемін.

3

Үйімде бар үш қалам,

Үшеуін де ұштағам.

Үш досымды салдым мен,

Үш балыққа ұқсаған.

4

Төрт дөңгелек арбада,

Төрт аяқ бар малда да...

Тауыса алмай бидайды,

Төрт тышқан жүр қамбада.

5

«Бестік» деген бағаны,

Бақыт күнде алады.

Бәрі жақсы көреді,

«Беске» оқыған баланы.

6

«Алақай!» дер келді күн,

Алтыдамын мен бүгін.

Алты жасқа келмекші,

Алғы аптада енді кім?! 

7

Жеті саны киелі,

Жұрттың бәрі біледі.

Жеті жасқа жеткендер,

Жығылмай-ақ жүреді.

8

Сен де, мен де баламыз,

Сегіз санын саламыз.

Сегіз деген екі төрт,

Сегіз жаста ағамыз.

9

Тоғыз жасқа келгенім –

Тоғыз жылды көргенім.

Тоғыз жаста тәнті еткен,

Талабымды көр менің!

10

Он жыл, он жас – он деген,

Он жас кіші ол менен.

Онды жаза аламыз,

Он – тұрған бір нөл менен.

«Отбасы xрестоматиясы»

Тәңірсін жүрекпен тани ма, жүріспен тани ма? (қисса)
Миғраждан келген тоғыз зат (қисса)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу