Тәңірсін жүрекпен тани ма, жүріспен тани ма? (қисса)

Oinet.kz 15-01-2020 559

image.png

Mәлике: Тәңірсін жүрекпен тани ма, жүріспен тани ма?

Әбілда: Жүрекпен таниды. Ертеде біреу Құдайды іздеп жер бетін кезіпті. Темір етігі теңгедей, темір таяғы тебендей болды. Жастық ғұмырын, күш-қуатын сапарға сарп етіп, дүнияны аралапты. Бір күні дәрмені құрып, еңбектеуге шамасы келмей, жерде жатыр еді, қасына бір әулие келді. Ол: «Әй, байғұс, пендесі Тәңірін екі аяқпен емес, жүрекпен таниды», – деді. Сол кезде ғана әлгі дәруіштің санасы жарқ етті. Жүрегіне терең үңіліп еді, іздеп жүрген Құдайы жүрегінде тұр екен. Сондықтан әулиелердің қалған бір сөз бар: «Адам Құдайды бас көзімен емес, көңіл көзімен ғана таниды».

«Мың сұрақ» кітабынан алынды

Әуелде пырақ аттар пейішті мекендепті (аңыз)
Оқушылардың тілін жөндеуде санамақтың пайдасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу