Қандай жерде сәлем беруге және сәлем алуға болмайды?

Oinet.kz 13-01-2020 600

сәлем беру.jpg

Әбілда: Монша мен дәретхана малғұнның үйі дейді. Сол себепті әуреті ашық адамға сәлем берілмейді. Ібіліс кібірліктің кесірінен «малғұн» атанып, Алланың дәргейінен қуыларда Тәңірден он нәрсені сұрап алды. Оның бірі баспана еді. Ол:

– Адамға баспана бердің. Ол сонда өмір сүріп көбейеді. Ал менің баспанам қайда болады? – деп Құдайға арыз айтты. Тәңір тағала:

– Монша мен дәретхана – сенің мекенің. Сонда барып тұрақтайсың, – деді. Содан бастап дәретхана мен монша Ібілістің үйі саналды. Онда кіргенде «біссімілдә» деп кіру шарт болып қаланды. Ол жерлерде сөйлемеу, түкірмеу тыйымға баланды.

«Отбасы хрестоматиясы»

Сайрам шаһарының аңызы (аңыз)
Ұжданға байланысты хикметті аңыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу