Сұлтанханов сынға ілікті
03-05-2023
Түлкі бір әйелдің жалғыз қызы еді. Шешесі Құдай деген бір мейірімді жан еді. Ал, қызы болса желөкпе болып шықты. Шамадан тыс сәнқой болатын. Ұятты жиды, әдебін тыйды, ибасын қиды. Біреуден әдемі киім көрсе, ол көйлекті ұрлап киетін немесе қызғаныштан жыртып тастайтын. Айлакер деген атын ұрлықшы деген заты жамады. Сылқым сері жігіттер де осы қызды жағалады. Қымсынуды білмеді. Шешесінің жан айқайын құлағына ілмеді. Әдемі киім көрсе арын сатты, шешесін абыройсыз етіп, зар жылатты. Бір күні Құдай тағала шешесінің көз жасын көріп, қызына наласын атты. Қызы сол сәтте Құдайдың құдіретімен бұлаңдаған түлкіге айналды. Түлкі жүнінің көрікті болатыны қыздың баяғы қылығынан екен. Қансонарда қарға аунап, жүнін жиі өзгертетін әдеті әліге дейін қалмапты. Ұрлық жасап бұ күнге дейін елдің ішін жалмапты. Қулық мінезі де сол қыздан жұққан екен. Ел шетінде жортып бара жатса, азанның даусын естіп тұра қалатын себебінде сыр бар. Бұрын шешесінің намаз оқитын сәтін көп көрген. Азанды естігенде сол есіне түсіп, шешесін сағынып еріксіз тұрып қалады екен.
«Отбасы хрестоматиясы»