Ыбырайымның Меккеге көшуі (аңыз)

Oinet.kz 13-01-2020 757

Ыбырайым.jpg

Оқиға былай болды. Ыбырайымның мыңғырған малы Тұран даласына сыймай кетті. «Ойпырмай, тым байып кеттім. Ақиретте байлықтың сұрауы қатты болады деуші еді. Өлген соң қалай болар екен? Малға не ұры түспеді,не қасқыр шаппады,не ауру жоламады. Мұның не хикметі бар?» деп жиі толғанатын.

Бір күні Тәңірден әуез келді: «Әй, Ыбырайым, бері қара! Мен кие мен құтты құпия ұстайтын құдіретті Алламын. Қадір түнін үш жүз алпыс бес күннің ішіне, Қызырды қарттардың арасына, ырыс-берекені нан ұнтағына жасырғам. Нан қорболғанда үйдің ырысы шашылады. Елге жұт келеді. Малға қасқыр шабады. Мүлкіңе ұры түседі. Сен нанды жегенде қиқымын да жерге түсірмейсің. Дастарқанға түскен қоқымды теріп жейсің. Сондықтан ырысың шашылмайды. Осы байығаның байыған» деді. Ыбырайым бір шетінен қуанып, бір шетінен қамығып қалды.

Ертесіне үйіне төрт дәруіш сәлем беріп кіріп келді.

– Оу, неғылған жансыңдар? – деді Ыбырайым.

– Алла жолында жүрген дәруішпіз. Елді ізгілікке шақырамыз, – деді қонақтар.

– Қалай шақырасыңдар? Не істейсіңдер сонда?

–  Алланы ұлықтап, зікір, таспих, тәһлил айтамыз.

– Жақсы болды. Мен де Алланы мадақтауды жақсы көретін жанмын.

Кәне, көрсетіңдер өнерлеріңді, – деді Ыбырайым. Төртеуі саппен отырды да әндете жөнелді. Шетінен жезтаңдай әнші екен. Құйқылжытып таспих айтқанда әсерінен мас болды. Ыбырайым құмары қанбай:

– Жігіттер, өнерлеріңе тәнтімін. Тағы бір қайталаңдар, – деді.

– Ақысын төле. Сосын айтамыз, – деді дәруіштер.

– Не сұрайсыңдар?

– Даладағы бүкіл түйеңді бізге атайсың. Сосын барып тәһлил айтамыз.

– Келістік, – деді Ыбырайым. Олар және шырқады. Ыбырайым тыңдаған сайын құмарта түсті. Әр айтқан сайын малынан ақы төледі. Ең соңында малы таусылып, итінің мойнындағы күміс қарғыбауды тастады. Олар тағы да тәһлил айтты.

– Әттең дәулетім түгесілді. Әйтпегенде тағы да зікір айтқызар едім. Енді жолдарың болсын. Бәріңе ризамын, – деді Ыбырайым.

Қоштасып қол алмаса бергенде төртеуі жарқ етті де періштеге айналды.

– Біз адам емес, періштеміз. Сені күллі ғалам «Жомарт жан. Алла жолында малын аямайтын мәрт» деп мақтаған соң сынамаққа келдік. Расымен мәрт екенсің. Жомарттығыңа риза болдық. Береке тап! Малыңды өзіңе қайтарамыз, – деді.

– Жоқ, алмаймын.

«Отбасы хрестоматиясы»

Түлкі неден бәділ болды? (аңыз)
Халық алаяқты қалай айырады? (аңыз)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу