Құранның алғашқы аяттарын иемденген Ленин

Oinet.kz 01-01-2021 914

Ленин өмірбаяны.jpg

Лениннің өнімді жазғаны сондай, артында 55 том кітап қалған. Және оның ел арасына кеңінен тарап кеткен көптеген қанатты сөзі бар. Соның ішінде ең жиі айтылатыны мына жолдар болса керек:

Оқы, оқы және оқы! –

Деген Ленин бабамыз. Ленинге телініп жүрген осы бір ауыз қанатты сөздің оған тиесілі емес екенін ата дініміз өзімізге қайтып, тәуелсіздігіміз жария болғанда бірақ білдік емес пе?! Сөйтсек, бұл қуатты сөз пенденікі емес, Жаратушынікі екен. Алла тағала сонау Хира үңгірінде Жебірейіл (ғ.с.) періштесі арқылы адамзаттың асылы Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у.) елшіліктің келгенін хабарлап: “Оқы, сені жаратқан Раббыңның атымен оқы” деп жіберген алғашқы аяты екен.

Осыдан-ақ, Лениннің дін кітаптарын жақсы білгенін, тек өзі ғана оқып, өзгелерге оқуға тиым салып, Құдай жолын ұстанғандарды қудалап, қамап, атып тастағаны тегіннен тегін емес-ау деген ой келеді.

Құдай мен пайғамбарларды жоққа шығару арқылы өзі пайғамбарлыққа ұмтылған Ленин
Ленинді жер неге қабылдамады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу