Мусхабтарға деген құрмет (әңгіме)

Oinet.kz 08-01-2020 808

Құран.png

Бір əйел өмірінің соңдарында ауыр сырқатқа шалынып, бір жыл көлемінде ауруханада жатып емделіпті. Сол уақыт ішінде əр күні оның жағдайынан хабар алуға келетіндердің кезегі үзілмейтіні, сол жердегі медбикелерді таң қалдырыпты. 

Ұлдары... Көршілері... Құдалары... Ағайын-туыстары... Таныс-білістері... т.б.

Əйелдің бір ұлы хабар алуға келгенде медбикелердің бірі сұрапты:

- Əр күні анаңыздың алдына ұзақ жол басып келіп кетесіз. Жұмысыңыз, үй іші, бала-шаға дегендей... үздіксіз əр күні келіп-кету шаршатпайма сізді?!

Салих перзент Құран Кəрімнен бір аят келтіріп жауап беріпті. Сосын медбике əйелдің келген көршілерінен дəл осы сұрақты сұрапты, олардан да сол жауапты есітіпті. Сонда медбикенің таңданысы тіпті арта түседі. Науқастың хабарын алу уақыты біткен соң, медбике асыға əлгі əйелдің жанына келіп:

- Жақсы көрген кісілеріңіздің əр күні сіздің жағдайыңызды білуге келуінің сыры неде?- деп сұрапты. Əйел күлімсіреп:

- Үйімде мусхафтар (Құран кітабы) көп еді. Мен олардың барлығын оқуға əрекет қылатынмын, аз-аздан болса да барлығынан аяттар, сүрелер тилəует ететінмін... Қандай да бір мешітке кірсем оқылмай жатқан Мусхафтарды тауып, олардағы шаңдарды сүртіп, ашып оқитынмын шамам жеткенше. Оқып болған соң: "Ей Раббым, мені жалғыз тастап қойма, Сен өзің Мұрагерлердің ең жақсысың!" (Əнбия сүресі, 89-аят) деген Құран аятымен дұға қылатынмын!- деп жауап беріпті.

Əрбіріміздің үйімізде Мусхафтар бар деп ойлаймын. Отбасыңызды, жаныңызға жақын кісілеріңізді Құран тилəуетіне үндеңіз, оларды қызықтырыңыз! Оқылмай сөрелерде шаң басып жатқан Мусхафтардың тилəуетінен пайда болатын сауапқа сіз де серік болыңыз!

Білесізбе?!

Сіз Құранды қолыңызға алғанда шайтан ызаланады.

Егер Мусхафты ашсаңыз жылайды.

Егер "Бисмиллаһ"ты айтсаңыз қаша бастайды.

Жəне оны тилəует қылуды бастасаңыз есінен танады...

Қазақ жерінде туылып қазақ топырағы бұйырмай кеткен ұлылар тізімі
Шерхан Мұртаза. Тасбақаның көз жасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу