Түймелер. Ғибратты әңгіме
Қаусырынғанда бешпеттің екі өңірін өзара ұштастырып ұстап тұратын екі Үлкен Түйме бар. Ол екі Түйменің қарсысында әдемілік үшін екі түйме орналасқан. Әр жеңге үш-үштен шағын-шағын алты түйме тағы тігілген. Тоқ етерін айтқанда, қызмет істейтін екі Түйменің төңірегінде түк бітірмейтін сегіз түйме бар.
Арамтамақтар қай жерде де жетіп жатыр!
(Қадыр Мырза Әли, «Ғибратнәмә» кітабынан)