Арақтың 101 зияны

Oinet.kz 06-11-2018 898

1. Арақ – барлық жамандықтың кілті, барлық бәлекеттің шешесі.

2. Арақ – әзәзіл шайтанның қаруы, иманның қалқанын талқандаушы.

3. Арақ – ағайынды алты бақан алауыз етіп, арасын ажыратушы.

4. Арақ – Алланың ашуын туғызушы.

5. Арақ – адамзатты апатқа ұшыратып, азғындыққа алып барушы.

6. Арақ – ақыл-ойды аздырушы.

7. Арақ – нәпсінің жолдасы.

8. Арақ – шайтанның сусыны, жәннат шәрбатынан махрұм қалдырушы.

9. Арақ – сау адамды жынды етуші.

10. Арақ – құлшылықтан алыстатушы.

11. Арақ – қоғамдағы кеселді тудырушы.

12. Арақ – еске сақтау қабілет-зейінді жойып, ессіздік пен ұмытшаққа душар етуші.

13. Арақ – жүректен иманды, жүзден нұрды кетіруші, адамды пәлеқор, жалақор етуші.

14. Арақ – ата-анаға құрметті өшіріп, оларға деген өшпенділікті оятушы.

15. Арақ – дұға-тілектің қабыл етілуіне кедергі келтіруші.

16. Арақ – нәжістен жаман ең лас нәрсе болып тұрса да, ерік-күші жоқ ездердің есіл-дертін аудырып, еліктіруші.

17. Арақ – қылмыстың атасы, адамды қанқұйлы, қанішер, қатал, қатыгез етуші. Құдайдан қорықпайтын халге жеткізуші.

18. Арақ – дінді құртушы және діннен бездіруші

19. Арақ – тарихты өшіруші.

20. Арақ – ұрпақты ауру етуші.

21. Арақ – ысырап еткізуші.

22. Арақ – қарызға батырушы.

23. Арақ – адамды қор етуші.

24. Арақ – бастан бақыт пен байлықты тайдырушы.

25. Арақ – қызметтен қуушы.

26. Арақ – ел-жұртқа қарабет етуші.

27. Арақ – зинақорлықты жасатушы.

28. Арақ – мақсаттан айнытушы, берген уәдеден тайдырушы.

29. Арақ – парызды мойынға қарыз етуші.

30. Арақ – ажалдың жетпіс қылышпен кескілегеніндей қинау азабына душар етуші.

31. Арақ – жәннаттың есігін жауып, жәһәннам қақпасын айқара ашушы.

32. Арақ – алдымен маймыл, артынша арыстан, сонсоң, жолбарыс, соңынан доңыз етуші.

33. Арақ – қырық күнге дейін иман пайдасын құртушы (арақ ішкен адамның намазы да, дұғасы да қырық күнге дейін қабыл болмайды).

34. Арақ – бала-шағаның несібесін жалмаушы, ата-ананың балалары алдындағы міндеттерін орындауға кедергі келтіруші.

35. Арақ – адал дүниенің берекесін алушы, ақырында, адамды тіленшілік, қайыршылық халіне жеткізуші.

36. Арақ – адал достардың арасына жік түсіріп, араздастырушы.

37. Арақ – адамға бос әрі былапыт және балағат сөздерді айтқызу арқылы айналаға тілін, кесірін тигізуші.

38. Арақ – жиналған жақсылық сауапты жоқ етуші.

39. Арақ – абыройды айрандай төккізуші.

40. Арақ – өкініштерге алып келуші.

41. Арақ – еркектік қасиетті кемітуші.

42. Арақ – арсыздыққа бұйырушы.

43. Арақ – денсаулықты бұзушы, төрт мүшесі түгел адамды мүгедек, жарым-жан етуші.

44. Арақ – өсек, өтірік, ғайбат айтқызушы.

45. Арақ – қияметте шерменде етуші, тозақтың іш жидітетін ыстық суын ішкіздіруші.

46. Арақ – тез қартаюға себепші.

47. Арақ – үйдің берекесін кетіріп, пәлекет шақырушы.

48. Арақ – бірлікті, ымыра-ынтымақты, татулықты бұзушы, адамдар арасына дұшпандық әрі кек салушы.

49. Арақ – жалқау етуші.

50. Арақ – адамның ақ ниетін бұзушы.

51. Арақ – жүректі қарайтушы.

52. Арақ – қияметте тікен жегізуге, ірің ішкізуге себепші. (Араққор адамға Алла Тағала ақыретте «тинәил-хабәлді» ішкізеді екен. «Тинәил-хабәл» — тозақтықтардың денесінен аққан ірің мен қан).

53. Арақ – досқа – күлкі, дұшпанға – таба қылушы.

54. Арақ – көздің жанарын тайдырушы.

55. Арақ – ұяттан жұрдай етуші.

56. Арақ – жарық дүниені қараңғы, қараңғыны қапас етуші.

57. Арақ – нәпсі мен шайтанды риза етуші, Алланың қарғысына ұшыратушы.

58. Арақ – жын-шайтандармен дос етуші, шын жанашыр досты, ақпейіл адамды жеккөргіздіруші.

59. Арақ – көрге ертерек жеткізуші.

60. Арақ – ең үлкен күнәларға батырушы.

61. Арақ – отбасын ойран етіп, шаңырағын ортаға түсіруші.

62. Арақ – ашу-ызаны қоздырып, адамдар өміріне қауіп төндіруші.

63. Арақ – ақ пен қараны айыртқызбай, жақсылық пен жаманшылықты шатасқыздырушы.

64. Арақ – адамды шайтанға айналдырушы.

65. Арақ – тура жолдан тайдырушы.

66. Арақ – сенімсіз, жігерсіз етуші.

67. Арақ – көрші-қолаңмен ұрыстырушы.

68. Арақ – адамның ой-өрісін тарылтып, опасыздыққа жетелеуші.

69. Арақ – жетімдерді көбейтуші.

70. Арақ – адамды аса надан етуші.

71. Арақ – уайым-қайғымен шырмаушы.

72. Арақ – төрдегі басты есікке сүйреуші.

73. Арақ – ақылдыны ақылсыз етуші.

74. Арақ – жол апатының кілті.

75. Арақ – білім-ғылымды өшіруші.

76. Арақ – дүние-мүліктің берекесін кетіруші.

77. Арақ – адамды өзінің ұл-қызыңа жексұрын етіп көрсетуші.

78. Арақ – дау-дамай, ұрыс-керіс, жанжалдың тамызығы.

79. Арақ – ұрлыққа итермелеуші.

80. Арақ – тозақтың торына түсіруші.

81. Арақ – жолыңды болдырмаушы.

82. Арақ – сыйдан айырып, елден аластатушы.

83. Арақ – балаларды жалтақ етуші.

84. Арақ – тілді, ділді өшіруші.

85. Арақ – санасыз да сапасыз да ұрпақ әкелуге жағдай тудырушы.

86. Арақ – жан-жарының жанына азар бергізуші.

87. Арақ – әдепсіз, ұятсыз етуші.

88. Арақ – тәубе келтірмей өлтіруші.

89. Арақ – адами қалыптан айнытып, көңіл бұзып тұрушы.

90. Арақ – көр азабын көргіздіріп, қатты шыңғыруына себепші.

91. Арақ – екі дүниеде де азап шеккізуші.

92. Арақ – аяқ-қолды жіпсіз байлаушы.

93. Арақ – ауыр күнәні жеңіл етіп көрсетуші.

94. Арақ – досты қас етіп, қасты дос етіп көрсетуші.

95. Арақ – елге қауіп төндіруші.

96. Арақ – көрдегі сұрақ-жауаптарды қиын етуші.

97. Арақ – көрінген лас жерді төсек еткізуші.

98. Арақ – атақ-абырой, ар-ұят, беделден жұрдай етіп қана қоймай, кісіні аяқ асты етуші.

99. Арақ – бұл дүниеде – абақтыға, о дүниеде – от азабына сүйреуші.

100. Арақ – арақ сатқанды да, алғанды да, ішкенді де, тасығанды да, ішуші мен іштірушіні де, дайындаушыны да, дайындатқызушыны да Алланың қаһарына ұшыратушы.

Қорықтық құю
Атам қазақ нақ айтқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу