Қорықтық құю

Oinet.kz 06-11-2017 928

image.png

Қазақтың көнеден келе жатқан емдік ғұрыпы. Бесікте жатқан сәбилер шошып оянғанда көз қарақты кісілер баланы ұшықтап, дұға оқиды және қорғасынды ертіп , бесіктің бас жағына ұстап, ыдыстағы майға құятын болған, сол құйылған қорғасыннан шыққан бейнеге қарап неден қорыққанын болжайды және оны бесіктің басына іліп қояды. бұл енді қорықпасын деген ырымы болса керек. сонымен бірге басқада ауырған адамның төбесінің үстіне (басына тигізбей) май құйылған табаны әкеліп, екінші бір ыдыста қорытылған сұйық (ыстық) қорғасынды оның үстіне құйып кеп жібереді. Сонда «шар» етіп кішкене қорға-сын сұйығы бір бейне қал-пына түседі. Емші соған қарап ауруға «Сіз иттен немесе адамнан, жыланнан қорыққансыз» дегендей болжам айтып, ауруды жазылатынына сендіреді. бұл бір жағынан қорқып ауырған адамдар үшін психологиялық ем болса керек.

Бақыт нешеу? Кемдік нешеу? Құлазу нешеу?
Арақтың 101 зияны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу