Қателік өмірін жалмады
Ресей трансфузиологиясының негізін қалаушы Александр Богданов қан құю процедурасы адам организмін жасартады және күрделі ауруларды емдеуге үлес қосады деп санаған.
53 жасында ол қан құю процедурасын өзіне жасап көрген. Нәтижесінде ешқандай жанама әсерлер болмаған, тіпті процедурадан соң ол өзін жақсы сезінген. 2 жылдың ішінде Богданов өзіне қанды алмасып құю процедурасын 11 рет жасаған. Резус факторлардың дәл келмей қалуына байланысты 12-іншісі ол үшін ең соңғысы болды.