Джеки Чанның ешкімде жоқ ғажап қасиеті

Oinet.kz 04-10-2020 897

Джеки Чан обратился к казахстанцам

Джеки Чанның кітабын оқып жатырмын. Қызық адам екен. Көпшіл. Түскі асты жалғыз ішкен кезі жоқ. Отыз шақты адам қасында жүреді-мыс. Қандай да бір дүкенге барса, кемі 500 мың доллардың затын алып кетемін дейді. "Менің сауда жасауым былай. "Мына сөредегі әнебіреуінен басқасының бәрін салыңыз. Енді мына сөренің мына бөлігін тұтасымен алып кетемін де, мына бөлігіндегі әнебіреулері керек емес". Ол өзінің мұндай қылығын бала кезде көрген жоқшылықпен байланыстырады. "Не алсам да үйіп алғым кеп тұрады" дейді ол. Әрине, сол дүниенің көбін сыйлыққа береді екен. "Менің ақшам балаларыма керек емес. Олар өздері де табысты. Ендеше, дүнием қолымда тұрғанда адамдарға беріп үлгерсем деймін. Мен өлгенде шотымда цент қалмағанын қалаймын" дейді. Қызық ә...

Ол үнемі командасын жарылқап жүретін көрінеді. Бірде қымбат маркалы сағат дүкеніне барады. Өзімен қоса қасындағы көмекшісіне де 20 мың доллардың сағатын алып бермей ме, сөйтсе әлгі жігіт "ал командаға ше" деп айтты дейді. (Джекидің қол қайтармайтынын білетін боп тұр ғой). Сөйтіп, Чан мырза командадағы отыз шақты адамның бәріне 20 000 доллардың сағатынан ала салады ғой.

Міне, осындай мысалдар көп-ақ. Маған бұл кісінің тұлғасы тым қызық. Жасайтын трюктары, кинодағы ұстанымдары өте тамаша. Адамгершілігі де "қытай" дейтін жалғыз ұлтқа сыймайтын секілді. Зерттеуге тұратын адам деп ойлаймын.

Келесі постта жұмыс беруші компаниямен кикілжіңге түскен қарияға қалай көмектескені және кейін бұл оқиғаның қалай өрбігені туралы ашып жазармын...

Zhandos Kussain

Абайдың құжаттарға қойған қолы
Жоқты бар, ашты тоқ eтетін кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу