Тәуке ханның хаты

Oinet.kz 10-10-2020 969

image.png

Тарихи тұрғыдан қарасақ, Тәуке ханның Осман билеушісі үшінші Ахметке жазған хаты өте құнды.

Хат Ресей мен Түркия арасындағы соғыс аяқталып, бейбітшілік туралы келісім жасалғаннан кейін жазылды деп топшылаймыз.

Хат билеушіні мадақтаумен басталады: «Атақты һәм даңқты, бойында ұлылық пен әділеттілік, абырой мен мейірбандық бар,  екі қасиетті қаланың иесі (Мекке мен Мәдина), шариғат бойынша бірауыздан таңдалып, діннің жанашыры ретінде белгілі болған мәртебелі Осман ханның ұрпағы Ахмет хан»

Кейін Қазақ хандығы мен Осман империясы дін-бауырлас екеніне арнайы тоқталып өтеді: «Сіздің шын досыңыз Ташкенттегі Афрасиабтың тағында отыр. Менің құзырымдағы адамдар және иелігімдегі жерлер: Түркістан, Әндіжан, Сайрам, Қарақалпақ және басқа да халықтар таңның атысы күннің батысы шариғат бойынша құлшылық етеміз»

Одан ары нақты шаруа жайында жазады: «Біздің хандығымыз бен Москов (Мәскеу) княздігінің арасында «Естек» аталған иелігіміз бар (автордың түп мәтінінде «Ака аштак» деп берілген, бұл бүгінгі башқұрт жері болуы мүмкін). Оның тұрғындары бәрі сүннет жолын ұстанушылар. Бұрын бұл жерді Мәскеу талқандап, өзінің иелігіне қосып алған еді. Сол кезден бастап олар Мәскеуге салық төлеумен жүр. Енді бұл халық өзінің әскері және байрағын алып бізге қоныс аударып жатыр. Бізге көмек қолын созсаңыздар Естектің сегіз қаласын дінсіздерден азат етіп, мұсылман бауырымызға көмектесе аламыз. Егер тізе қосып аттансақ, Мәскеуге айтарлықтай зиян келтіруге болады»

Бірақ бұл қазақ-түрік одағы жүзеге аспады.

И. Ерофееваның «1675-1821 жылдар аралығындағы қазақ билеушілерінің хат түрінде қалған мұрасы» еңбегінен алынды.

Аударған Рүстем Нүркен

namys.kz

Қажымұқанға жасалған қастандық
Мажарлар дегендер кімдер?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу