Актер Сағи Әшімовтің қайтыс боларынан бір апта бұрын берген соңғы сұхбатынан

Oinet.kz 12-05-2020 2545

image.png

Актер Сағи Әшімовтің қайтыс боларынан бір апта бұрын берген соңғы сұхбатынан:

Әкем "Шоқан Уәлиханов" фильмін түсірді. Мен әлі де тәжірибемнің аздығына қарамастан сол фильмде басты рөлде ойнадым. Бірде әкем кезекті эпизодтан кейін: "Мен тәуекелге барып осындай қиын басты рөлге сені таңдадым. Бекер болған екен. Сенен ештеңе шықпайды" деп қатты ашуланды да, түсірушілерді ертіп кетті де қалды. Мен киіз үйде жалғыз қалдым. Жанымды қоярға жер таппай көйлегімнің дала-даласын шығарып жыртып, түні бойы намыстан өртеніп кете жаздап жылаумен болдым. Таңертең әкемнің "Сағи" деп айқайлаған даусынан оянып кеттім. Әбден қалжырап шаршағанмын, қарным ашып барады, екі көзім қып-қызыл. Кенет әкем: "Түсіру алаңын дайындаңдар! Науқас Шоқанды түсіреміз!" деп айқайлап жіберді. Сол жолы менің үрейлі жүзімді көрген бір бөгде кісі: "Асеке, мынау шынымен сіздің балаңыз ба?" деп таңқалғаны бар.

Мен әкеме сол күндері қатты ренжитінмін.

1999 ЖЫЛ

Қамбар Уәлиев «Көксерек» фильмі жайлы былай деп сыр шерткен екен
Есек ақырса...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу