Бауыржан Момышұлының күнделігінен

Oinet.kz 12-05-2020 838

image.png

Бауыржан Момышұлының күнделігінен:

Жылқының, оның ішінде айғырдың жұмыртқасы ішінде болатындарын ауыл шаруашылық ғылымында "внутряк" дейді. Ал образно выражаясь, біздің партия қызметкерлерінің көбі — внутряктар. Олармен құдай ешкімді дастарқан басына отырғызбасын. Мен өз басымнан соны көп кешірдім. Обком, райком жиналып, мені қонаққа шақырады. Сондағы сезгенім, адал тамақ, адал дастарқан, ақ ниет дейтін олар отырған жерде бола бермейді екен. Емін-еркін отыру жоқ. Бірін-бірі іштей аңдып отырған кісілер…

— Адал асты арам істейді екенсіңдер, ақ дастарқанды харам істейді екенсіңдер, ақ ниеттің бетіне түкіреді екенсіңдер, — дедім осындай отырыстың бірінде маған сөз бергенде. — Бұдан былай аштан өліп, көштен қалсам да, обком мен райкомның үйінен дәм татпаймын. Маналы бері не ішіп, не жегеніме түсінбестен отырмын. Бұдан былай мені қонаққа шақырушы болмаңыздар, рақмет!

Отырғандар ха-ха-ха деп өтірік күлісті. Мен ішімнен күлдім.

Герольд Бельгер: «Оян, қазақ!»
Әлімхан Ермековтің естелігінен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу