«Әуезов осы сырын маған ғана айтты...»

Oinet.kz 12-07-2020 661

image.png

Қайым Мұхамедханов:

Елу алтыншы жылы ақталып, түрмеден босадым. Мойынты — Шумен келіп, Алматы вокзалына түстім де, Есмағамбеттің үйіне телефон шалдым. Ол келіп қойыпты. Амандық-саулықтан соң-ақ, ол:

— Ойбай, бауырым, Мұхтарға телефон шал. Бәрің келіп, Қайымды тастап кеттіңдер деп төбемізге шай қайнатып, бізбен сөйлескенді қойды. Өзі Индияға жүргелі жатыр, — деді.

Үстімде түрменің киімі, қалтамда алты-ақ сом ақша бар. Әрі поезд үш сағаттан кейін Семейге жүреді. Мұхтармен сөйлестім. Телефонның ар жағында булығып тұр.

— Жарайды, Қайым, он бес күн үйіңде демал да, маған кел. Кеңінен әңгімелесеміз, — деді ол.

Мұхтар екеуіміз ағалы-інідей Алматыда қауыштық. Сырымызды, шынымызды айтыстық. "Абайды халқыңа беріп кетем десең, Мұхтар, басыңның амандығын тіле. Біздің шаруамыз бітіп, талқанымыз таусылған адамбыз. Партиядан кешірім сұра", — деп ақыл айтқан Ахмет Байтұрсынов екен. Осы сырын маған ғана айтты…

1996 жыл.

Р.S. Суретте: Қайым Мұхамедханов пен Мұхтар Әуезов. Семей. 1940 жыл.

Әсет Ақмолданың facebook парақшасынан

Мұқағали Мақатаевтың күнделігінен
Нұрлан Санжар (фильмдегі Қожа)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу