Мұқағали Мақатаевтың күнделігінен

Oinet.kz 12-07-2020 735

image.png

25-май 1974 жыл.

Биыл 19-майда өмірімде бірінші рет, бәлки, соңғы рет үлкен кісіге өтініш білдірдім. Оның атына орысша жазып үлкен хат жібердім. Шынымды айтып, ашына бәрін мойындадым. Ешкімнің үстінен шағым айтпадым. Бұл әрекетімнен не шығатыны, мені алдымда не күтіп тұрғаны белгісіз. Хатым қолына тие ме, білмеймін, ол өзі оқып танысар ма екен әлде жоқ па? Мені тек бір нәрсе үміттендіреді: егер ол өзі танысса, сондай үлкен адамда қалайша үлкен жүрек болмайды? Оған өтініш білдіріп отырған көптің бірі емес, ақын ғой, үлкен жанды ақын… Әзірше күтудемін.

29-май 1974 жыл.

Менің үлкен кісім үнсіз, қаламдастарым да үнсіз. Менің тағдырым, ақын тағдыры қалайша ешкімді селт еткізбеді? Білмеймін, мен өзімді өзім әбден аямай айыптап біткенде, олар мені қалайша тағы қайта жазғырмақ? Мен, бәлкім, өзі де оңды біткелі тұрғанда, өтініш айтпайтын жаққа өтініш айтып, шалыс қадам жасап қойдым ба?! Кейде шын жүректен айтқан сырыңның бумерангқа айналып, өзіңе қайта оралып соғуы да ғажап емес. Егер тағы қайтадан бас-көз жоқ сөгу, даттау басталып кетсе, қайтем?!

Жұлдыз Мұқағалиұлы:

Әкем кезінде Димаш Ахметұлына хат жазды. Сол кісіден жауапты көп күтті. Əттең, жауап келмеді. Əйтпесе, əкемнің өмірі сəл басқа арнамен ағатын ба еді…

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Мағжан Жұмабаевтың Сәбит Мұқановқа жазған хаты
«Әуезов осы сырын маған ғана айтты...»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу