Бізден табылған «Алтын адамдардың» көбі тоналған

Oinet.kz 12-07-2020 652

image.png

Археолог Зейнолла Самашев:

Біздің қазақ жерінен бірне­ше "Алтын адам" табылды. Солардың санынан өзім жаңылдым. Шындығын айт­қанда, бізден табылған "Алтын адамдардың" көбі тоналған. Тек 1969 жылы белгілі археологтар – Кемел Ақышев пен Бекмұханбет Нұрмұханбетов Есік қорғаны мен Елеке саз қорымынан та­былған екі "Алтын адамның" заттары тоналмай, бүгінге бүтін кү­йінде жетіп отыр.

Мәселен, 1999 жылы Атырау облысында Аралтөбе мекенінен "Алтын адам" таптық. Ол да тоналған. Оның реконструкциясын мен жасадым. Елеке саздан табылған ер адамның бір аяқ киімінде жүздеген бірлікті құраған алтын бар.

Сосын "Алтын адам" деген сөз көңіліме онша қона қоймайды. Мұны ғылыми тілде "киімдері алтынмен әшекейленген адам" деп жазады. Немесе "алтын киінген адам" дей салайық. Болмысы бекзат, текті, мінезі жайсаң, көзі тірі азаматтарды "алтынға" теңесек жарасады.

"Алтын адам" деген сөзді әуелде журналистер кең қолданды да, кейін ол ел арасына тез тарады.

Әсет Ақмолданың facebook парақшасынан

Камал Смайыловтың Ғабит Мүсірепов туралы естелігі
Қазақ күйі не себепті «күй» деп аталған?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу