Камал Смайыловтың Ғабит Мүсірепов туралы естелігі

Oinet.kz 12-07-2020 928

Камал Смайыловтың естелігінен:

Ғабит Мүсірепов 37-ші жылдың қуғын-қырғынынан қалай аман қалды? деген сұрақтар туады. Сөйтсек, оқиға былай болыпты.

Бір күні Ғ.Мүсіреповті қамауға алуға ордер жазылып қойыпты. Енді ұстап әкетеді деп отырғанда, оның бағына сол күні "Правда" газетінде "Амангелді" киносценарийінен үзінді жарияланды. Сонда үш автордың біреуі — Б.Майлин халық жауы болып ұсталып кеткен. Енді Ғ.Мүсірепов те ұсталып кетсе, сонда сценарийдің авторы болып жалғыз В.Иванов қала ма?

Осыны дәлел ете отырып, Мәскеуде А.Фадеев, Алматыда Л.Мирзоян күш біріктіріп, оған араша түседі.

Сөйтіп Ғабеңді кино өнері аман алып қалған екен.

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі жазбасы

Қасым Қайсенов: Мен – қолы қанға боялған адаммын
Бізден табылған «Алтын адамдардың» көбі тоналған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу