Нью-Йорктің бұлттан да биік үйлері (АҚШ)

Oinet.kz 10-09-2020 809

Биік ғимарат.jpg

Кейде Нью- Йоркта мынадай қызық жағдай болады. Қала көшелерінде жаңбыр құйып тұрса, биік үйлердің жоғарғы қабаттарында  күн жарқырап тұрады. Тіпті, қалада жауын жауғанын жоғарғы қабатта тұратын тұрғындар білмеуі де мүмкін. Олар төменге қабатқа түскен кезде ғана жаңбыр жауып өткенін көреді.

Нью- Йорк қаласындағы Манхэттан ауданы аспанмен тілдескен биік ғимараттарының көптігі жөнінен ұзақ жылдар дүние жүзілік біріншілікті бермей келді. Қазір де бұл қаладағы 200 ден астам ғимараттың биіктігі 150 метрден асады.

Нью- Йорктағы 100 қабаттан тұратын алғашқы нысан 1932 жылы пайдалануға берілді. Ол "Эмпайр Стейтс билдинг" зәулім үйі. Ал, 2001 жылғы теракт кезінде құлаған Дүниежүзілік сауда орталығының егіз мұнарасы 110 қабаттан тұратын. Алайда, АҚШ билігі ол жерге бүгінде бұрынғыдан да биік ғимарат салып тастады.

Күз бен қыз (өлең)
Сағы сыну
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу