Сағы сыну
Футуролог Жак Фреско жылан мен тышқанды бір жәшікке қамап ортасын әйнекпен бөліп қояды. Осылай біраз уақыт эксперимент жүргізеді. Ашыққан жылан тышқанды жұтпақ болады. Бірақ әйнекке соғылып қалады. Бауырымен жорғалаушы жыртқыш бұл әрекетін 12-13рет қайталайды. Одан кейін тышқанға мән бермейді. Артынша зерттеуші ортадағы әйнекті алып тастайды. Бірақ жылан жемтікті жұтуға мүлдем талпынбаған екен. Себебі жыланның миында қайта-қайта қайталанған сәтсіздектен үрей пайда болған.
Адам баласы да мақсатына «жетем» деп ұмтылған сайын дауыл соғып құлатып кете беретін болса, алға қарай жүруге жасқанатын болады.
Дамылсыз балталай берсең алып бәйтерек те құлайды. Таудай талап болса, талпына бергенге не жетсін...