Күз бен қыз (өлең)

Oinet.kz 10-09-2020 845

Күз.jpg

Қанатымен ақ күміс арбап елді,

Қазан, шіркін, басталмай қар да келді.

Қарды көрсе бұрындар қуанатын

Күрсініп ап бір міскін "Алла" деді.

Бүгін тегі жаумаса болмайтындай,

Аппақ ұлпа төгілді қоймай, тынбай.

Қазан ұрмай, қар жаумай қалтаңдаған

Осы елді біреулер ойлайтындай.

Кебін киіп жапырақ жасыл өңді,

Көз алдымда көкөрім ғасыр өлді.

Күзді қойшы...

бәрінен қызды аяймын

Көрсетпейтін ешкімге жасын енді.

«СОВРЕМЕННЫЙ» СЫРҚАТ (сатиралық әңгіме)
Нью-Йорктің бұлттан да биік үйлері (АҚШ)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу