Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН. Леген

Oinet.kz 10-09-2020 829

Леген.jpg

2014 жылы Алматы қаласына "Ду-думан" тележобасына қатысуға келдік.Бас ұйымдастырушы "Хабар арнасы алыстан келген

"Екі Езу" сатира театрына екі қабатты коттедж дайындап қойыпты. Бірінші қабатта ас бөлме бар.Екінші қабат толығымен жатын орын екен.Әр бөлмеде екі кроваттан бар.Барлық кроватқа бір-бір леген (тазик) қойыпты.Бұл неге керек екен?-деген ой театр әртісі Берік Нұрмағанбетовты қатты мазалады.Бізді орналастырып жүрген қызметші келіншекті шақырып алды.

-Мына тазиктерді неге қойдыңдар?

-Түнде керек қой.

-Жуынуға ма?

-Жоқ,құспайсыңдар ма?

-Құсқаны қалай?-деп Бекең басын қасыды.

Әртістер ойланып қалды.

Сүйтсек,қызметші әйел бізді құдалыққа тойға келген қонақтар-деп, ойлапты.

Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН

Ақтөс неге ұлыды?
Қазақ күйеу балаға неге төс тартады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу