Кедейді байытқан дұға
09-06-2022
- Мен дұға жасап жүрмін! Ол өзгерсе екен деп... Арамыз жақсарса екен деп... Маған назары түссе екен деп... Бұрын айтқан сөздері есіне түссе екен деп... Баяғыдай ғашық болсақ екен деп... Ақшасы көп болса екен деп... Жетістігі мол болса екен деп... Мен ылғи ол үшін дұға етемін...
- Сен ол үшін емес, өзің үшін дұға етеді екенсің. Ол сенің қалауыңды дұрыс қанағаттандырсын деп тілейді екенсің. Саған ыңғайлырақ бола түссе екен депсің. Сен ол үшін дұға етуің керек.
Жүрегіндегі Құдайын танысын деп. Құдай жүрек түкпіріндегі бала күнгі жан жарасын жазса екен де. Басқа әйелдер салған жан дертін емдеуге көмектессе екен де. Үрей мен күмән тәнін тастап шықса екен дегін. Жанына Жаратқанның нұры құйылсын деп тіле. Жүрегіндегі мейірімі оянса екен деп тіле. Ақжолға түсірсе екен деп тіле...
Күйбең тірлікте күйзеле бермей, өмірден тірек тапса деп тіле. Өзі сол тірекке айналсын деп тіле. Жер-Ана бар нәрін беріп, жүрегіндегі хас батырды оятса деп тіле. Күш-қуатының аясы кеңіп, қазығына игі іс пен пайдалы әрекет байлансын де. Құр сөз бен бос уәдеден арылсын деп тіле. Сыртқы қауіпті сезінгенде ғана қайраты оянып қалмай, жанын кемірген әзәзілді жеңетін қайсар рухы болсын деп тіле.
(с) Регина Жиляева
"Дочь Земли"