Қарама-қайшылықтар

Oinet.kz 10-09-2020 632

Тағдыр.jpg

«Белинскийдің ескі хаттарында мынадай бір ой бар еді: оңбағандар әрдайым тәрбиелі адамдарды жеңіп кетеді, себебі тәрбиелі адамға ылғи оңбағанға қарағандай қарайды". Ал, тәрбиелі жандар үндемей төзіп, іштей уайымдап, оңбағандарға жақсы адам деп қарауын доғармайды.

Ақымақ ақылдыны жақсы көрмейді. Надан білімдіні көре алмайды. Тәрбиесіз тәрбиелі жанды жек көреді.

Соның бәрін бір ауыз сөзбен түйіндей қояды... Мәселен, "мен қарапайым адаммын", "көреген болмай-ақ қояйықшы", "онсыз да өмір сүріп жатырмыз ғой", "бәрі қулықтан"...

Ал шын мәнінде жанын жеккөрушілік, көреалмаушылық жегідей жейді, өзінің лайықсыздығынан қорсынады".

Академик Дмитрий Сергеевич Лихачев.

«Өмір жолында әрдайым "Неліктен мені жек көріп кетті? Мен оған түк істемедім ғой?" деп таң қалдыратын адамдарды жолықтырып отырасыз. Қателесесіз! Сіз  өзіңіз де байқамастан оған үлкен жәбір көрсеттіңіз: сіз — оның болмысын бүтіндей терістейтін айнасыз".

Андре Моруа

Самурай және шәй
​Ол үшін дұға жаса!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу