Қарыздан құтылуға көмектесетін дұға

Oinet.kz 21-01-2021 1418

Бір күні қазіреті Әлиге (Алла ол кісіге разы болсын) бір құл келіп өзін-өзі сатып алып, басына азаттық алуға жағдайы келмей жатқанын айтады да, көмек сұрайды. Сонда ол кісі: "Мен саған Пайғамбар (с.ғ.с) маған үйреткен бір СӨЗДЕРДІ үйретейін бе? Оны айтатын болсаң, сенің ҚАРЫЗЫҢ ТАУДАЙ болса да, Алла оны өтейді", дейді де: "Я, Алла! Мені харам нәрселеріңе ұрындырмай, маған халал нәрселеріңді жеткілікті ет. Әрі Өз кеңшілігіңмен мені Өзіңнен басқаға мұқтаж етпе", - деп айт", дейді. Тирмизи, 3563.

28.jpg

اللهم اكفني بحلالك عن حرامك وأغنني بفضلك

عمن سواك

"Аллаһумма-кфиний би хәләәлика 'ан хараамика, уә ағниний би фадликә 'амман сиуәәкә".

Алла қарыздарыңыздан азат етіп, қарызға қайта ұрындырмай, жаны да, тәні де бай құлдарынан етсін!

Баланың есімі тағдырына әсер ете ме?
Фариза Оңғарсынова мен Бибігүл Төлегенованың суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу