Патшаның арманы

Oinet.kz 08-09-2020 1358

Патша.jpg

Патша сарайында есепші болып істейтін бір жігіт сыртқа шыққанда зәулім сарайдың жарқыраған күмбезіне қарап, "Шіркін, патшаның отбасында тусам ғой, өмірім мұндай қарапайым болмас еді!", – деп өкінген екен. Ол қаланың ортасына қарай келе жатып, тықылдаған балғаның үні мен айғай-ұйғай дауыстарды естиді. Бұлар үлкен алаңда жаңа ғимарат тұрғызып жатқан құрылысшылар еді. Осы кезде қолына қағаз ұстаған есепшіні көрген құрылысшылардың бірі, "Шіркін, әкемнің тілін алып оқығанда ғой, өмірім мұндай болмас еді. Кеңседе қағаз жазып, жан қинамай жеңіл жұмыспен айналысар едім!", – деп өкініпті....

Дәл осы сәтте сарайдағы үлкен терезенің алдына келген патша көшедегі жұмысшылар мен қызметкерлерді, саудагерлерді, алаңсыз серуендеп жүрген қарапайым жұртты көреді. Сонда патша, "Шіркін, елдің саясаты мен басқа да күрделі мәселелерді ойлап бас қатырмай-ақ күні бойы таза ауада жүріп жұмыс істеу немесе ештеңе істемей-ақ көшеде қаңғырудың өзі қандай жақсы! Мына адамдардың өмірлері қандай қарапайым!" – деген екен күбірлеп.

Адамның уақытының берекесін қашыратын негізгі жеті фактор
Қол мен тырнақ күтімі жөніндегі кеңестер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу