Басшыға басқа дін керек емес

Oinet.kz 25-07-2022 2046

Қажылық - басшы үшін халқымен бірге жүріп өткен жолы. Бізді өзге ұлыстан қасиет пен жоғарғы күш іздеген басшы жақсылыққа апармайды.

Screenshot_11.jpg

Оның діні - өз халқы болуы керек. Өйткені дін - сенім. Өз халқына сенбеген басшыдан не күтуге болады...

Құран - Отаныңның Конституциясы...

Қағба - сенің қара тасың. Қанша адам шын ниетпен келсе, соншалықты мәнің ашылады.

Мінәжәт - халқыңа істеген жақсылығың.

Күнә - халқыңа істеген қиянатың.

Сауап - халқыңа істеген жақсылығың.

Жұмақ -  басшылықтан кеткеннен кейін халқыңның арасында емен-жарқын жүре алуың.

Тозақ - халқың түгіл өз еліңде емделе алмай сыртқа қашуың. Қария болып көшеде бір балаға жүзің жарқын күліп амандаса алмауың.

Мүңкір мен Нәңкір - келер ұрпақ. Сұрақтың астына алатыны сөзсіз...

Жебірейіл - сенің кеңесшілерің, командаң. Олардың кеңесі сенің аузыңмен халқыңа жетеді.

Әзірейіл - сенің халқың. Істеріңе байланысты саясида, тұлғалықта өлімің осылардың қолында.

Микаил - тәуелсіз сот. Бұлар басшыға сатылған күні мейірімділік пен әділдік қоғамнан жоғалады.

Исраил - бұл БАҚ. Мәңгілік Ел осылардың "сырнайына" тікелей тәуелді...

Басшыға басқа дін керек емес. Оның діні халқы болуы керек...

Серік Хасенов, facebook парақшасынан

Toyota Alphard немесе Әзірейіл такси
«Нақұрыстық түсінікке шырмалған қоғам екенімізді мойындайықшы»: Серік Хасенов
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу