«Нақұрыстық түсінікке шырмалған қоғам екенімізді мойындайықшы»: Серік Хасенов
Қылмыс ұлт таңдамайды.
Менің сол нақұрыстың зорлаған қыздарынан ұлтын сұрап үлгеретініне күмәнім бар. Оны тіпті неге теңерімдіде білмей отырмын...
Ол дүнген делік. Бірақ, зорлық жасаған қазақтарды танимын. Жазасыз жүргендері қаншама...
Мысалы бүгінгі қылмысты көп ұлтты Америка қоғамына салып көрейік. 15жасар қызды жоқтайтыны сөзсіз еді. Олар қоғам болып, сол нақұрыстың сот үкіміне ықпал етіп, істі соңына дейін апаратын еді...
Ол жерде қара нәсілдісі мен азиаты, мулаты мен еуропоиды құшақтасып гуманизм мен әділдікті ту етіп тұратын еді.
"Ұлт" деп, бір бірін қорғайтын, бір біріне араша түсе алатын, бір бірінің тағдырына бей-жай қарамайтын қоғамды айтады...
Енді біз неге ұлтын айтып кеттік? Біз өйткені қорқақпыз. Бастысы өзімізді арашалап алсақ болды.
Біз әлі үрімдей 15жасар тағдырдың күл-талқаны шығып, ғайып болғанын сезіп отқан жоқпыз...
Біз моральдық өзімізді арашалау мен ішкі эгоны кек алу арқылы қанағаттандыруды ойлап қана(ойласақ), инстиктиво қорғанысқа көштік...
Біз неге сондаймыз? Әділдік пен мәдениет жабысқан ұлт секілді неге кердеңдейміз? Нақұрыстық түсінікке шырмалған қоғам екенімізді мойындайықшы...
Ұлты кім болсада ондай қылмыс жасағанның бәрі нақұрыс қой...
Біз тіпті ұлт болып қалыптассақ бүгін жоқтап көшеге шығып, протест арқылы сот үкіміне ықпал етуге тырысар едік. Біздікі "ұлт" деген атауды пайдаланып өзімізден жауапкершілікті ысыру ғана...
"Ұлт" деп, американдықтар мен француз сияқты халықтарды айтады...
Біз әлі ұлт бола алмай отырмыз...
Серік Хасенов, facebook парақшасынан