Ертегі. Теңіз жағасындағы оқиға

Oinet.kz 07-10-2017 1093

image.png

Ертеде Рита деген өте ақылды, мейірімді қыз ата-анасымен бірге теңіз жағасында өмір сүреді. Әкесі күнде таңертең балық аулайтын, ал үйдің барлық тірлігі анасының мойнында. Одан қалды арасында қалаға барып, балық сатады.

Бір күні қыздың ата-анасы балық сатуға қалаға кетеді. Жалғыз өзі үйде қалады. Қыз ғажайыптар туралы көп кітап оқитын, ғажайыпқа қатты сенетін. Бірде ол түскі ас ішіп, теңіз жағасына барып, су перісі туралы кітап оқиды. Кітапты шамалы оқыған соң, үйге қарай беттейді. Бірақ ол бір естіп тоқтай қалады. Біреу көмек сұрағандай болады. - Көмектесіңдер, өтінемін, көмектесіңдер! Көмек сұрап тұрған су перісі екен. Қыз қатты шошып кетеді. Түсім шығар деп ойлайды. Бір кезде есін жиып, су перісінен: -Сіз, бұл жаққа қалай тап болып жүрсіз? - деп сұрайды. -Мен анам сыйлаған алкамды жоғалтып алып, соны іздеуге шыққанмын. Мына ауға түсіп қалдым,- дейді. Рита су перісіне көмектесіп, оған мән-жайды түсіндіреді. "Бұл ауды әкем балық ұстау үшін құрған болатын" дейді. Су перісі қызға рахметін айтып, бір тілегін орындауға дайын екендігін жеткізеді. Рита біраз ойланып: "Ата-анам маған осы жолы тәттілер, жеміс-жидектер әкелсе екен" деген арманын айтады. Су перісі "Жарайды" деп теңізге жүзіп кетеді.

Ританың ата-анасы қаладан келіп, сүйікті қызына көп тәтті, жеміс-жидек алып келеді. Бұған ол қатты қуанады. Келесі күні ол теңіз жағасына барып, су перісін күтеді, бірақ ол келмейді. Ақылды қыз оған бола ренжімейді. Ол су перісіне өте риза, өйткені оның тілегі орындалды. Енді Рита өз ата-анасымен бақытты өмір сүретін болады. 

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ХАНДАРЫ. ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ
Тарихи фотосуреттегі қыз - Анар Рахымжанова
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу