Балаға армандауды қалай үйретуге болады?
Арман. Адамды өлгеніне дейін жетелейтін серігі. Көп адамның арманы құм астындағы қалашықтай өткеннің еншісінде қалды. Арманын «өлтірмей» бүгінге жеткізу сирек. Бала қиялына қанат ітіретін, арманына адал қаһармандары бар мультфильмдер тізімін ұсынамыз!
"Анастасия", АҚШ, 1997 жыл
Оқиға «мейірім үйінде» ер жеткен жетім қыз туралы. Ол өз отбасы туралы естеліктерін ұмытқан. Еміс-еміс көретін түстері мен музкалық қобдиша – өткенінің жаңғырығы. Өзінің тегін адам емесін айшықтай түседі. Білетіні, ата-анасының тастап кетпегені ғана. Тек армандар мен музыкалық қорап, оның өткенінің жаңғырығы, оның ата-анасы тастап кеткен қарапайым қыз емес екенін анық көрсетеді. Туыстарын тапқысы келетін Анастасияның арманы орындала ма?
"Зверополис", АҚШ, 2016 жыл
Джуди Хопс есімді қоянының детективтік тарихы: жұмбақтар, қуғын-сүргіндер, каскадерлік трюктер және күлкілі эпизодтар. Өмір туралы мінсіз идеялар қатал шындыққа тап болатын мегаполиске келу оңай ма?Өзгерісті қалаған Джуди әрекетке көшеді. Джуди нәтижеге жете ала ма?
"Ханшайым мен бақа", АҚШ, 2010 жыл
Қарапайым даяшы Тиана жеке ресторанын ашуға қаражат жинайды. Себебі оның әкесі ресторан шқысы келетін. Мултфильм концепциясы өзгенің сорынан бақ тұрғызылмайтынын жеткізгісі келеді. Мақсат пен адам арасындағы байланысты керемет суреттейтін туынды. Тиана мақсатына жете ала ма?
«Рататуй», АҚШ , 2007 жыл
Тағдырыңа жазылса, балық болсаң да ұшасың деген тіркес текке айтылмаса керек. Аспаздықты армандаған егеуқұйрық ерекше талантын көрсете алмайды. Дегенмен қызықты оқиға желісінде өзін танытады. Жағдаят қызықтырса, Рат Ремидің хикаясын көріңіз!
"Кішкентай су перісі", АҚШ, 1998 жыл
Теңіз патшасының қызы Ариэль өзінің ең қымбат дауысын мақсат жолында құрбан етеді. Өзі өлімнен аман алып қалған ханзаданың қасында болып, сезімге үміттенеді. Жалғыздың шаңы шықпас деген сөз расқа айналады. Қаһарманымыз арманына достарының көмегімен жақындай түседі. Ариэлб дегеніне жете алды ма?
Суреттер ашық дереккөзден алынды.